https://sputnik.kz/20260126/ishki-ister-ministrligi-zhelidegi-qauipti-zhazbalardan-saq-boluga-shaqyrdy-60677007.html
Ішкі істер министрлігі желідегі қауіпті жазбалардан сақ болуға шақырды
Ішкі істер министрлігі желідегі қауіпті жазбалардан сақ болуға шақырды
Sputnik Қазақстан
Жеке кездесуден қашса, интернеттегі фотосуреттерді пайдаланса, сақ болған жөн 26.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-26T09:05+0500
2026-01-26T09:05+0500
2026-01-26T09:05+0500
алаяқ
алаяқтық
танысу
https://sputnik.kz/img/07e9/07/03/55330972_0:0:3071:1728_1920x0_80_0_0_e7c6d56c8dec7ce001ae9f6544a4e1d2.jpg
АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға әлеуметтік желідегі танысу туралы жазбалардың артында алаяқтар тұруы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Полицияның мәліметінше әлеуметтік желілерде, әсіресе Threads-те "жар іздеймін", "танысқым келеді" деген жарияланымдарды жиі кездестіруге болады. Мұндай жазбалардың артында қарапайым желі қолданушыларынан бөлек алаяқтар да болуы мүмкін.Алаяқтар көбіне өздерін тартымды жігіт немесе қыз ретінде таныстырып, хат алмасуды белсенді түрде жүргізіп, адамға ерекше көңіл бөліп, қысқа уақыт ішінде сенімге кіреді. Уақыт өте келе әңгіме қаржылай көмек сұрауға ұласуы мүмкін.Алаяқтық схема әдетте былай өрбиді:"Егер экранның арғы жағындағы адам сізден ақша аударуды сұраса, бейнебайланыстан және жеке кездесуден қашса, интернеттегі фотосуреттерді пайдаланса, сақ болған жөн", - деп жазды Polisia.kz.Алаяқтардың арбауына түсіп қалмас үшін:Ішкі істер министрлігінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті азаматтарды онлайн-танысу кезінде сақ болуға және құқыққа қайшы әрекеттер туралы уақтылы полицияға хабарлауға шақырды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/03/55330972_207:0:2936:2047_1920x0_80_0_0_a7b87bd06f8ce5a81d2c108aa6488284.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алаяқ, алаяқтық, танысу
Ішкі істер министрлігі желідегі қауіпті жазбалардан сақ болуға шақырды
Жеке кездесуден қашса, интернеттегі фотосуреттерді пайдаланса, сақ болған жөн
АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға әлеуметтік желідегі танысу туралы жазбалардың артында алаяқтар тұруы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Полицияның мәліметінше әлеуметтік желілерде, әсіресе Threads-те "жар іздеймін", "танысқым келеді" деген жарияланымдарды жиі кездестіруге болады. Мұндай жазбалардың артында қарапайым желі қолданушыларынан бөлек алаяқтар да болуы мүмкін.
Алаяқтар көбіне өздерін тартымды жігіт немесе қыз ретінде таныстырып, хат алмасуды белсенді түрде жүргізіп, адамға ерекше көңіл бөліп, қысқа уақыт ішінде сенімге кіреді. Уақыт өте келе әңгіме қаржылай көмек сұрауға ұласуы мүмкін.
Алаяқтық схема әдетте былай өрбиді:
белсенді қарым-қатынас орнату және эмоциялық тәуелділік қалыптастыру;
өмірдегі қиын жағдайлар, ауру, шұғыл шығындар немесе тиімді инвестициялар туралы әңгімелер;
ақша аударуды, оның ішінде қаражатты шетелдік криптоәмияндарға аударуды немесе үшінші тұлғалар арқылы жіберуді сұрау;
қаражат алынғаннан кейін байланыс үзілiп, жәбірленушіні бұғаттау.
"Егер экранның арғы жағындағы адам сізден ақша аударуды сұраса, бейнебайланыстан және жеке кездесуден қашса, интернеттегі фотосуреттерді пайдаланса, сақ болған жөн", - деп
жазды Polisia.kz.
Алаяқтардың арбауына түсіп қалмас үшін:
интернет арқылы танысқан адамдарға ақша және жеке деректерді бермеу;
жеке фотосуреттерді жібермеу;
күмәнді сілтемелерге өтпеу;
сұхбаттасушының профилін және ол туралы ақпаратты тексеру;
күмән туындаған жағдайда жазбаны тоқтату керек.
Ішкі істер министрлігінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті азаматтарды онлайн-танысу кезінде сақ болуға және құқыққа қайшы әрекеттер туралы уақтылы полицияға хабарлауға шақырды.