Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Франция G7 елдері қаржы министрлерінің Украина бойынша кездесуін өткізеді

© РИА НовостиКиев
Киев - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.01.2026
Жазылу
Талқылаулар маңызды шикізатты қамтамасыз ету және Украинаға одан әрі әскери көмек көрсетуге бағытталады деп күтіліп отыр
АСТАНА, 26 қаңтар - Sputnik. Франция G7 елдері қаржы министрлерінің Украина бойынша кездесуін өткізеді, деп хабарлады РИА Новости.
Франция 27 қаңтардағы жиында Украинаға одан әрі көмек көрсету және маңызды шикізатпен қамтамасыз ету мәселелері талқыланады.

"Сейсенбіде Франция төрағалық ету кезінде G7 қаржы шенеуніктерінің алғашқы кездесуін өткізеді. Талқылаулар маңызды шикізатты қамтамасыз ету және Украинаға одан әрі әскери көмек көрсетуге бағытталады деп күтіліп отыр", - , деп жазылған Франция қаржы министрлігінің мәлімдемесінде.

Маңызды шикізат пен Украинаға көмектен басқа, алдағы кездесудің күн тәртібінде "әлемдік теңгерімсіздікті шешу және халықаралық серіктестік үшін жаңа негіз құру" бар.
Жоспарланған кездесуге барлық G7 елінің қаржы министрлері қатысады. Сонымен қатар Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) өкілдері де қатысады.
Эммануэль Макрон - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.01.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Франция бейбіт Украинаға әскер жіберуге дайын - Макрон
Жаңалықтар
0