https://sputnik.kz/20260126/arbir-basshy-zhauap-beredi-bolekpaev-sport-basqarmasyndagy-oqigaga-qatysty-pikir-bildirdi-60684614.html
"Әрбір басшы жауап береді": Бөлекпаев спорт басқармасындағы оқиғаға қатысты пікір білдірді
"Әрбір басшы жауап береді": Бөлекпаев спорт басқармасындағы оқиғаға қатысты пікір білдірді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев дене шынықтыру және спорт басқармасында болған оқиғаға байланысты пікір білдіріп... 26.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-26T12:43+0500
2026-01-26T12:43+0500
2026-01-26T12:43+0500
қарағанды облысы
серік сәпиев
https://sputnik.kz/img/07e8/01/1d/41888373_0:0:1081:608_1920x0_80_0_0_c59b806c98db333ea11a97aae528b789.jpg
АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев дене шынықтыру және спорт басқармасында болған оқиғаға байланысты пікір білдіріп, аталған мәселеге қатысты асығыс баға беріп, жедел қорытынды жасауға болмайтынын атап өтті.Оның айтуынша, тексеру мен тергеу аяқталғаннан кейін тиісті құқықтық баға беріледі.Облыс әкімі барлық мемлекеттік қызметшілер заң талаптары мен қызметтік әдеп нормаларын қатаң сақтауы қажеттігіне ерекше назар аударды."Қоғамдағы кез келген келіспеушілік пен жұмыс барысындағы даулы мәселелер тек құқықтық алаңда шешілуге тиіс. Әрбір басшы ұжымдағы тәртіпке, заңның сақталуына және мемлекеттік органның беделіне жеке жауап береді. Мұны баршаңыз естен шығармауларыңыз қажет", – деп түйіндеді Ермағанбет Бөлекпаев.Еске сала кетейік, Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев өзінің орынбасарымен төбелесіп қалған болатын.
https://sputnik.kz/20260125/serik-sapiev-orynbasarymen-ne-sebepti-zhanzhaldasqany-turaly-aytyp-berdi---60672322.html
қарағанды облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/01/1d/41888373_29:0:989:720_1920x0_80_0_0_57ddd7e1033a8997c3336ea654f4949b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарағанды облысы, серік сәпиев
қарағанды облысы, серік сәпиев
"Әрбір басшы жауап береді": Бөлекпаев спорт басқармасындағы оқиғаға қатысты пікір білдірді
АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев дене шынықтыру және спорт басқармасында болған оқиғаға байланысты пікір білдіріп, аталған мәселеге қатысты асығыс баға беріп, жедел қорытынды жасауға болмайтынын атап өтті.
Оның айтуынша, тексеру мен тергеу аяқталғаннан кейін тиісті құқықтық баға беріледі.
"Тәртіп бұзылды және ол үшін жауапкершілік болуға тиіс. Сонымен қатар үздіксіз және заң талаптарына сәйкес атқарылуға тиіс жұмыс бар. Бұл жөнінде бұған дейін де ашық мәлімдегенбіз және тағы да қайталап өтемін: аталған жағдай бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті тексеру жүргізеді, сондай-ақ басқарманың қызметіне кешенді аудит жүргізіледі. Қазіргі уақытта оқиға фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр, әрбір әрекетке құқықтық баға беріледі", – деді өңір басшысы аппараттық кеңес барысында.
Облыс әкімі барлық мемлекеттік қызметшілер заң талаптары мен қызметтік әдеп нормаларын қатаң сақтауы қажеттігіне ерекше назар аударды.
"Қоғамдағы кез келген келіспеушілік пен жұмыс барысындағы даулы мәселелер тек құқықтық алаңда шешілуге тиіс. Әрбір басшы ұжымдағы тәртіпке, заңның сақталуына және мемлекеттік органның беделіне жеке жауап береді. Мұны баршаңыз естен шығармауларыңыз қажет", – деп түйіндеді Ермағанбет Бөлекпаев.
Еске сала кетейік, Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев өзінің орынбасарымен
төбелесіп қалған болатын.