Астанада бір тәулікте жолда 800 құқық бұзушылық анықталды

© Photo : Департамент полиции Костанайской областиАстанада бір тәулікте жолда 800 құқық бұзушылық анықталды
Астанада бір тәулікте жолда 800 құқық бұзушылық анықталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.01.2026
Жазылу
Өрескел құқық бұзушылықтарға жол бергені үшін 25 автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды
АСТАНА, 25 қаңтар-Sputnik. Елордада бір тәулікте жолда 800 құқық бұзушылық анықталды.

Ағымдағы жылдың 23–25 қаңтары аралығында елордада жол-көлік оқиғаларын азайтуға және жол қауіпсіздігі саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған "Қауіпсіз жол" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

Алғашқы күннің қорытындысы бойынша жол қозғалысы ережелерінің 798 бұзушылығы анықталды, оның ішінде:
мемлекеттік тіркеу нөмірлерін оқылмайтын немесе талапқа сай емес күйде пайдалану бойынша 43 дерек;
қарсы қозғалыс жолағына шығудың 8 дерегі;
көлік басқару кезінде телефон қолданудың 45 дерегі;
жолаушыларды тасымалдау қағидаларын және қауіпсіздік белдігін пайдалану талаптарын бұзудың 75 дерегі;
мас күйінде көлік басқарудың 6 дерегі;
жаяу жүргіншілер тарапынан жол қозғалысы ережелерін бұзудың 127 дерегі.
Сонымен қатар, іс-шара барысында өрескел құқық бұзушылықтарға жол бергені үшін 25 автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды.

Сондай-ақ полицейлер жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактісін тоқтатты: 45 жастағы жеңіл автокөлік жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, жол қауіпсіздігіне қатер төндірген. Жүргізушіге қатысты материалдар сотқа жолданды, оған көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы қолданылады.
Полицей формасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.01.2026
Полиция жол қозғалысы ережесін бұзудың салдарын QR-код арқылы көрсетті
Жаңалықтар
0