https://sputnik.kz/20260124/ukraina-boyynsha-beybitshilik-sammiti-budapeshte-ayteuir-bir-otedi--orban-60638423.html
Украина бойынша бейбітшілік саммиті Будапеште әйтеуір бір өтеді – Орбан
Украина бойынша бейбітшілік саммиті Будапеште әйтеуір бір өтеді – Орбан
Sputnik Қазақстан
Саммит екі немесе үш тараптың қатысуымен өтуі мүмкін 24.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-24T21:01+0500
2026-01-24T21:01+0500
2026-01-24T21:01+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/1f/39786644_0:0:2757:1552_1920x0_80_0_0_35fd7af67c7aa9ba75e1f9dc67c09428.jpg
АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Украина мәселесіне арналған Ресей мен АҚШ саммиті Будапеште ерте ме, кеш пе өтеді. Бұл мәселе күн тәртібінен алынған жоқ. Бұл туралы Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан мәлімдеді.Айта кетері, Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамп былтыр 16 қазанда телефон арқылы сөйлесті. Екі жарым сағатқа созылған әңгімеден кейін РФ президентінің көмекшісі Юрий Ушаков Мәскеу мен Вашингтон мемлекет басшыларының жаңа кездесуін дайындауға дереу кірісетінін, оның Будапештте өтуі мүмкін екенін хабарлаған.Кейінірек Дональд Трамп Будапеште жоспарланған кездесуді кейінге қалдырғанын мәлімдеді. Ал Владимир Путин әңгіме кездесудің толық күшін жою жайлы емес, тек кейінге шегеру туралы болып отырғанын айтты.РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың мәліметінше, Венгрияда саммит өткізу әзірге пайдасыз деген пікірді алғаш болып Трамп айтқан, ал Путин бұл көзқараспен келісетінін білдірген.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/1f/39786644_26:0:2757:2048_1920x0_80_0_0_451a773bcd014bfb93cf27139095a73f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Украина бойынша бейбітшілік саммиті Будапеште әйтеуір бір өтеді – Орбан
Саммит екі немесе үш тараптың қатысуымен өтуі мүмкін
АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Украина мәселесіне арналған Ресей мен АҚШ саммиті Будапеште ерте ме, кеш пе өтеді. Бұл мәселе күн тәртібінен алынған жоқ. Бұл туралы Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан мәлімдеді.
"Біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Ерте ме, кеш пе Будапеште бейбітшілік саммиті өтеді. Қашан және оған кімдер қатысатыны әзірге белгісіз. Алайда бұл мәселе күн тәртібінен алынған жоқ – ол АҚШ жоспарында да, біздің жұмыс дәптерімізде де бар. Саммит екі немесе үш тараптың қатысуымен өтуі мүмкін, бірақ әзірге нақты айта алмаймыз", – деді Орбан Брюссельде өткен ЕО-ның кезектен тыс саммитінен кейін журналистерге.
Айта кетері, Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамп былтыр 16 қазанда телефон арқылы сөйлесті. Екі жарым сағатқа созылған әңгімеден кейін РФ президентінің көмекшісі Юрий Ушаков Мәскеу мен Вашингтон мемлекет басшыларының жаңа кездесуін дайындауға дереу кірісетінін, оның Будапештте өтуі мүмкін екенін хабарлаған.
Кейінірек Дональд Трамп Будапеште жоспарланған кездесуді кейінге қалдырғанын мәлімдеді. Ал Владимир Путин әңгіме кездесудің толық күшін жою жайлы емес, тек кейінге шегеру туралы болып отырғанын айтты.
РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың мәліметінше, Венгрияда саммит өткізу әзірге пайдасыз деген пікірді алғаш болып Трамп айтқан, ал Путин бұл көзқараспен келісетінін білдірген.