Мектеп оқушылары әскери оқу-жаттығу жиындарына барады

© Photo : Министерство просвещения КазахстанаМектеп оқушылары әскери оқу-жаттығу жиындарына барады
Мектеп оқушылары әскери оқу-жаттығу жиындарына барады - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.01.2026
Жазылу
Жиындарды пилоттық форматта Жамбыл, Абай және Батыс Қазақстан облыстарында іске асырып көреді
АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Оқу-ағарту министрлігі мен қорғаныс министрлігі мектеп оқушыларына арналған әскери-патриоттық бағыттағы оқу-жаттығу жиындарын бірлесіп өткізуге шешім қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан оқу-ағарту министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Аталған бастама ведомствоаралық кездесуде мақұлданды. Оны алдымен пилоттық форматта Жамбыл, Абай және Батыс Қазақстан облыстарында іске асырып көреді.

"Сол әскери жиындардың нәтижелеріне қарай бұл бастама кезең-кезеңімен еліміздің өзге өңірлеріне де енгізіледі", - дейді министрлік мамандары.

Айта кетері, бұған дейін әскери-патриоттық тәрбиеге қатысты заңнамаға өзгерістер енгізілген болатын.
Соның аясында жас ұрпақтың отансүйгіштік рухын нығайтуға және әскери-патриоттық тәрбиені жүйелі түрде дамытуға бағытталған бірлескен шаралар өткізу қарастырылған.
Стоматологиялық кабинет - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.12.2025
Биыл елдегі мектептерде 120-дан астам стоматологиялық кабинет ашылды
Жаңалықтар
0