Спорт

Australian Open-2026: Рыбакина төртінші кезеңге шықты

Елена Рыбакина  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.01.2026
Жазылу
Қазақстан теннисшісі Ролан Гаррос чемпионын ұтты
АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA №5) Australian Open-2026 турнирінің төртінші кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды 1bol.kz.
Мельбурндегі жарыстың 1/16 финалында Рыбакина чехиялық Тереза Валентовадан (№54) басым түсіп, кездесуді 6:2, 6:3 есебімен аяқтады.
"Матч 1 сағат 23 минутқа созылды. Кездесу барысында Рыбакина төрт эйс жасап, бір ғана қос қателікке жол берді. Ал 18 жастағы Валентова төрт эйсті сәтті орындағанымен, сегіз қос қателік жіберді", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, Тереза Валентова - өз қатарластары арасында ең дарынды теннисшілердің бірі. Ол жасөспірімдер арасындағы әлемдік рейтингтің топ-4 қатарына енген, сондай-ақ 2024 жылы Ролан Гарроста жекелей және жұптық сында жеңіске жеткен.
26 жастағы Елена Рыбакинаның Australian Open турниріндегі ең үздік нәтижесі - 2023 жылғы финал. Ал өткен маусымда қазақстандық теннисші төртінші айналымға дейін жеткен болатын. Осылайша Рыбакина биыл да былтырғы көрсеткішін қайталап отыр.
Жаңалықтар
0