https://sputnik.kz/20260123/qazirgi-bazalyq-molsherleme-zharty-zhyl-saqtaluy-mumkin-60637391.html
Қазіргі базалық мөлшерлеме жарты жыл сақталуы мүмкін
Қазіргі базалық мөлшерлеме жарты жыл сақталуы мүмкін
Sputnik Қазақстан
Ұлттық банк 2026 жылы инфляцияны 9,5-12,5% шегінде ұстап тұру қажет деп отыр 23.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-23T15:46+0500
2026-01-23T15:46+0500
2026-01-23T15:46+0500
ұлттық банк
базалық мөлшерлеме
https://sputnik.kz/img/07ea/01/17/60635506_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_6ed60f4c9408dabc92202421d4ecebc2.jpg
АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Қазіргі базалық мөлшерлеме жарты жылдай сақталуы мүмкін. Бұл туралы ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгінде азық-түлік инфляциясы бәсеңдемей тұр. Оған қоса қосылған құн салығындағы (ҚҚС) өзгерістер халық пен бизнес арасында инфляциялық күтулердің өсуіне әсер еткен.Ал инфляцияны үнемі төмендетіп отыру үшін қалыпты қатаң ақша-кредит шарттарын сақтаған дұрыс.Айта кетері, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда инфляция 12,3 процентке дейін көтерілген. Ұлттық банк 2026 жылы инфляцияны 9,5-12,5% шегінде ұстап тұру қажет деп отыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/01/17/60635506_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_10dc50774b32227eec5effe6e75563a4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлттық банк, базалық мөлшерлеме
ұлттық банк, базалық мөлшерлеме
Қазіргі базалық мөлшерлеме жарты жыл сақталуы мүмкін
Ұлттық банк 2026 жылы инфляцияны 9,5-12,5% шегінде ұстап тұру қажет деп отыр
АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Қазіргі базалық мөлшерлеме жарты жылдай сақталуы мүмкін. Бұл туралы ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде азық-түлік инфляциясы бәсеңдемей тұр. Оған қоса қосылған құн салығындағы (ҚҚС) өзгерістер халық пен бизнес арасында инфляциялық күтулердің өсуіне әсер еткен.
"Компаниялар өз шығынын бағаларға қалай қосатыны және өз пайда маржасы есебінен қандай шешім қабылдайтыны назарда болуы керек. Осыған байланысты 2026 жылдың бірінші жартысында бұл фактор өте маңызды саналады. Оның алғашқы және кейінгі әсерлерін мұқият қадағалау қажет", - деді Сүлейменов бүгін Астанада өткен брифингте.
Ал инфляцияны үнемі төмендетіп отыру үшін қалыпты қатаң ақша-кредит шарттарын сақтаған дұрыс.
"Ақша-кредит саясатының бағыты өзгермейді: базалық мөлшерлеме 2026 жылдың бірінші жартысында жоғары ықтималдықпен қазіргі деңгейінде сақталады. Ол инфляцияны төмендету және оның тұрақты баяулауын орнықтыру үшін қажет. Егер инфляцияны төмендетуге орнықты мүмкіндік болмаса, ақша-кредит саясатын қатаңдату тәсілі қолданылуы мүмкін",-деп атап өтті банк басшысы.
Айта кетері, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда инфляция 12,3 процентке дейін көтерілген. Ұлттық банк 2026 жылы инфляцияны 9,5-12,5% шегінде ұстап тұру қажет деп отыр.