Бублик Australian Open-2026 турнирінің төртінші айналымына шықты

© Photo : Пресс-служба Федерации тенниса КазахстанаАлександр Бублик на турнире ATP 250 в Китцбюэле
Александр Бублик на турнире ATP 250 в Китцбюэле - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.01.2026
Жазылу
Келесі айналымда Бублик әлемнің 6-ракеткасы Алекс де Минормен кездеседі
АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Әлемнің 10-ракеткасы, қазақстандық теннисші Александр Бублик Аргентина өкілі Томас Мартин Этчеверриді Australian Open-2026 турнирінің үшінші кезеңінде жеңіп, келесі айналымға жолдама алды.
Кездесу 2 сағат 37 минутқа созылып, Бубликтың пайдасына 7:6 (7:4), 7:6 (7:5), 6:4 есебімен аяқталды.
Александр Бублик карьерасында алғаш рет маусымды қатарынан 7 жеңіспен бастады, бұл оның АТР деңгейіндегі ең үздік жеңістер сериясы.
Келесі айналымда Бублик әлемнің 6-ракеткасы, австралиялық Алекс де Минормен кездеспек.
Александр Бублик на турнире ATP 250 в Китцбюэле - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.01.2026
Қазақстанның тағы бір теннисшісі үздік ондыққа енді
Жаңалықтар
0