https://sputnik.kz/20260123/arandatushylyqqa-ermeymin-serik-sapiev-malimdeme-zhasady-60640862.html
"Арандатушылыққа ермеймін": Серік Сәпиев мәлімдеме жасады
"Арандатушылыққа ермеймін": Серік Сәпиев мәлімдеме жасады
Sputnik Қазақстан
Олимпиада чемпионы ешбір жауапкершіліктен қашпайтынын айтты 23.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-23T20:57+0500
2026-01-23T20:57+0500
2026-01-23T20:57+0500
серік сәпиев
төбелес
жанжал
дау-жанжал
https://sputnik.kz/img/1040/37/10403755_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_d6e172c1b7bb10578c9c356a872e351e.jpg
АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев өзінің орынбасарымен төбелескеннен кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бұған дейін хабарланғандай, 21 қаңтарда Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов арасында жанжал болып, соңы төбелеске ұласқан болатын.Серік Сәпиев мемлекеттік қызметкер ретінде өз міндетін жақсы білетінін атап өтті.Олимпиада чемпионы ешбір жауапкершіліктен қашпаймын дейді.Айта кетері, бұған дейін екі спортшының не үшін жанжалдасқанын жазған едік.
https://sputnik.kz/20260123/sapiev-pen-esimkhanovtyn-arasyndagy-zhanzhal-neden-tuyndagany-belgili-boldy-60639902.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1040/37/10403755_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_e828c901209d8eacac2bf55c1accb1a6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
серік сәпиев, төбелес, жанжал, дау-жанжал
серік сәпиев, төбелес, жанжал, дау-жанжал
"Арандатушылыққа ермеймін": Серік Сәпиев мәлімдеме жасады
Олимпиада чемпионы ешбір жауапкершіліктен қашпайтынын айтты
АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев өзінің орынбасарымен төбелескеннен кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін хабарланғандай, 21 қаңтарда Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов арасында жанжал болып, соңы төбелеске ұласқан болатын.
Серік Сәпиев мемлекеттік қызметкер ретінде өз міндетін жақсы білетінін атап өтті.
"Мен мемлекеттік қызметші ретінде өз міндетімді атқару барысында мемлекеттік қызметшінің әдеп қағидаттарын қатаң сақтаймын. Бала кезімнен бапкерлерім маған рингтен тыс жерде күш қолдануға болмайтынын үйретті", - деп жазды ол желідегі парақшасында.
Олимпиада чемпионы ешбір жауапкершіліктен қашпаймын дейді.
"Өз мүмкіндігімді жақсы бағалаймын және әрбір іс-әрекетім үшін жауапкершілік арқалайтынымды толық түсінемін. Сондықтан қандай да бір арандатушылыққа ермеймін. Мәселе толық қаралып, жабық деп есептеледі", - деп түйіндеді ол.
Айта кетері, бұған дейін екі спортшының
не үшін жанжалдасқанын жазған едік.