Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы ауысты

© Photo : Қаржы министрлігіГүлмира Сабденбек
Гүлмира Сабденбек  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.01.2026
Жазылу
АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Гүлмира Сабденбек "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының" басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Қаржы министрлігі.
Жаңа басшыны ұжымға министрліктің аппарат басшысы Эрнар Ержанов таныстырды.
Сабденбек әр жылдары денсаулық сақтау саласында басшылық қызметтер атқарды. Атап айтқанда, Ұлттық медициналық холдингтің стратегиялық даму департаментіне жетекшілік етті, сонымен қоса "Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды.
Кейінгі қызметте ҚР Президенті Әкімшілігі әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып, әлеуметтік саясат және орнықты даму, мемлекеттік аудит, сондай-ақ қаржылық бақылау мәселелерімен айналысты.
Бұдан бөлек ұжымға басқарма төрағасының бірінші орынбасары Айдар Мекебеков таныстырылды. Ол Қаржы министрлігінің жүйесінде ұзақ жыл жұмыс істеген. Айталық, салық инспекторынан бастап мемлекеттік кірістер және қаржылық бақылау органдарының бөлімшелерінде басшылық қызмет атқарған. Сол секілді Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары болған. Бүгінге дейін "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-де ұрлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департамент директоры ретінде еңбек еткен.
Медикаменты. Архивное фото - рекадр - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.01.2026
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Қаржы министрлігінің қарамағына беріледі
Жаңалықтар
0