https://sputnik.kz/20260122/zhetisu-oblysynda-turgyndar-sapasyz-intertettin-aqysyn-qaytaryp-aldy-60604525.html
Жетісу облысында тұрғындар сапасыз интернеттің ақысын қайтарып алды
Жетісу облысында тұрғындар сапасыз интернеттің ақысын қайтарып алды
Sputnik Қазақстан
Қызмет тиісті деңгейде көрсетілмеген жағдайда төленген қаражатты қайтаруды талап етуге болады 22.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-22T20:26+0500
2026-01-22T20:26+0500
2026-01-22T20:30+0500
интернет
ауыл
ауыл тұрғындары
https://sputnik.kz/img/25/46/254637_0:285:5472:3363_1920x0_80_0_0_caf1320e9b87b06f8a075f9b4056bcb9.jpg
АСТАНА, 22 қаңтар – Sputnik. Жетісу облысында ауыл тұрғындары ірі байланыс операторларынан сапасыз интернеттің ақысын қайтарып алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне сілтеме жасап.Сотқа шағым түсірген азаматтар оператормен ұзақ уақытқа келісімшартқа отырған. Ал "Отбасылық тариф" бойынша ұялы байланыс пен мобильді интернет қызметтері үшін ай сайын 11 670 теңгеден төлеп тұрған. Келісімшартта смартфондар сатып алу талабы да болған.Сапасыз байланыстың салдарынан ересек тұрғындар мемлекеттік органдарға және шұғыл қызметтерге жүгіну кезінде қиындықтарға тап болса, оқушылар 41 күн бойы үй тапсырмаларын толық орындау және қашықтан оқытуға қатысу мүмкіндігінен айырылды.Заң бойынша қызмет көрсетілмеген немесе тиісті деңгейде көрсетілмеген жағдайда тұтынушы төленген қаражатты қайта есептеуді және қайтаруды талап ете алады.Оператордың ресми жауабына сәйкес, аталған аумақта қажетті телекоммуникациялық инфрақұрылымның болмауына байланысты қызмет сапасы төмендеген. Алайда тұтынушылар ол жайында алдын ала хабардар етілмеген.Облыстық тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті жалпы сомасы 315 538 теңгені құрайтын талап арызды дайындауға көмектесті. Сотта байланыс операторы қойылған талапты мойындады. Одан кейін тұтынушылармен медиативтік келісімге келді. Соның негізінде өңір тұрғындары қызметтердің сапасыз көрсетілген кезеңі үшін өтемақы алды.Қайтарылған қаражаттың жалпы сомасы 234 657 теңгені құрады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/25/46/254637_304:0:5168:3648_1920x0_80_0_0_cc07fe909462bbbeffb38fc257f01146.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
интернет, ауыл, ауыл тұрғындары
интернет, ауыл, ауыл тұрғындары
Жетісу облысында тұрғындар сапасыз интернеттің ақысын қайтарып алды
20:26 22.01.2026 (жаңартылды: 20:30 22.01.2026) Қызмет тиісті деңгейде көрсетілмеген жағдайда төленген қаражатты қайтаруды талап етуге болады
АСТАНА, 22 қаңтар – Sputnik. Жетісу облысында ауыл тұрғындары ірі байланыс операторларынан сапасыз интернеттің ақысын қайтарып алды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне
сілтеме жасап.
Сотқа шағым түсірген азаматтар оператормен ұзақ уақытқа келісімшартқа отырған. Ал "Отбасылық тариф" бойынша ұялы байланыс пен мобильді интернет қызметтері үшін ай сайын 11 670 теңгеден төлеп тұрған. Келісімшартта смартфондар сатып алу талабы да болған.
"Алайда 2025 жылғы 10 қазан мен 19 қараша аралығында, яғни 41 күнтізбелік күн бойы ұялы байланыс пен мобильді интернет қызметтері тиісті деңгейде көрсетілмеген. Байланыс тұрақсыз болып, интернетке қолжетімділік іс жүзінде болмаған. Соған қарамастан, байланыс операторы абоненттік төлемді толық көлемде алған", - дейді комитет мамандары.
Сапасыз байланыстың салдарынан ересек тұрғындар мемлекеттік органдарға және шұғыл қызметтерге жүгіну кезінде қиындықтарға тап болса, оқушылар 41 күн бойы үй тапсырмаларын толық орындау және қашықтан оқытуға қатысу мүмкіндігінен айырылды.
Заң бойынша қызмет көрсетілмеген немесе тиісті деңгейде көрсетілмеген жағдайда тұтынушы төленген қаражатты қайта есептеуді және қайтаруды талап ете алады.
Оператордың ресми жауабына сәйкес, аталған аумақта қажетті телекоммуникациялық инфрақұрылымның болмауына байланысты қызмет сапасы төмендеген. Алайда тұтынушылар ол жайында алдын ала хабардар етілмеген.
Облыстық тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті жалпы сомасы 315 538 теңгені құрайтын талап арызды дайындауға көмектесті. Сотта байланыс операторы қойылған талапты мойындады. Одан кейін тұтынушылармен медиативтік келісімге келді. Соның негізінде өңір тұрғындары қызметтердің сапасыз көрсетілген кезеңі үшін өтемақы алды.
Қайтарылған қаражаттың жалпы сомасы 234 657 теңгені құрады.