https://sputnik.kz/20260122/zhambylda-kuresten-zhattyguga-bargan-qyzylordalyq-zhasospirimder-zhappay-aurukhanaga-tusti-60598804.html
Жамбылда күрестен жаттығуға барған қызылордалық жасөспірімдер жаппай ауруханаға түсті
Жамбылда күрестен жаттығуға барған қызылордалық жасөспірімдер жаппай ауруханаға түсті
Sputnik Қазақстан
Алдын ала диагноз – этиологиясы анықталмаған гастроэнтерит 22.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-22T14:12+0500
2026-01-22T14:12+0500
2026-01-22T14:17+0500
жасөспірім
улану
әкімдік
https://sputnik.kz/img/07e9/04/18/52816091_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_0b06e51df578e5099d19bcf8ec7d2bb0.jpg
АСТАНА, 22 қаңтар - Sputnik. Жамбыл облысында күрестен оқу-жаттығуға барған жас спортшылар жаппай уланып қалды.Облыстық әкімдіктің мәліметіне сәйкес, жасөспірімдер Меркі ауданына Қызылорда облысынан барған.Аурудың себептерін анықтау мақсатында науқастардан және тағам өнімдерінен зертханалық сараптамалар алынған, қазіргі таңда қорытындысы күтіліп жатыр, дейді әкімдікте.Аталған жағдай бойынша облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тиісті тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.Сонымен қатар бұл факті Меркі аудандық полиция бөлімінде тіркеліп, құзырлы органның тексеру қорытындысы негізінде тиісті процестік шешім қабылданады."Балалар медициналық бақылауға алынған, тиісті органдар тарапынан барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр", - деп хабарлады әкімдікте.Айта кетейік, аталған демалыс орнында барлығы 103 жас спортшы мен 13 жаттықтырушы қоныстанған. Ауруханаға жүгінген науқастардың жағдайы жеңіл дәрежеде деп бағаланып отыр, денсаулықтары қалыпты, дәрігерлердің тұрақты бақылауында. Демалыс орнындағы басқа балаларға медициналық тексеру жүргізілді, ауру белгілері анықталған жоқ, профилактикалық шаралар жалғасып жатыр.
https://sputnik.kz/20260121/zhambyl-oblysynda-ara-onimderin-zansyz-tasymaldagan-qyrgyzstan-azamaty-ustaldy-60566138.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/18/52816091_161:0:1121:720_1920x0_80_0_0_1e0f9dd173e70648c927198a0fb5fe02.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жасөспірім, улану, әкімдік
жасөспірім, улану, әкімдік
Жамбылда күрестен жаттығуға барған қызылордалық жасөспірімдер жаппай ауруханаға түсті
14:12 22.01.2026 (жаңартылды: 14:17 22.01.2026) Алдын ала диагноз – этиологиясы анықталмаған гастроэнтерит
АСТАНА, 22 қаңтар - Sputnik. Жамбыл облысында күрестен оқу-жаттығуға барған жас спортшылар жаппай уланып қалды.
Облыстық әкімдіктің мәліметіне сәйкес, жасөспірімдер Меркі ауданына Қызылорда облысынан барған.
"21 қаңтар күні сағат 22:40 шамасында Меркі аудандық көпбейінді орталық ауруханасына "Тұран" демалыс орнынан Қызылорда облысынан ауданға күрес түрінен оқу-жаттығу жиынына келген 12–17 жас аралығындағы 22 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді. Алдын ала диагноз – этиологиясы анықталмаған гастроэнтерит", - деп жазылған хабарламада.
Аурудың себептерін анықтау мақсатында науқастардан және тағам өнімдерінен зертханалық сараптамалар алынған, қазіргі таңда қорытындысы күтіліп жатыр, дейді әкімдікте.
Аталған жағдай бойынша облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тиісті тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Сонымен қатар бұл факті Меркі аудандық полиция бөлімінде тіркеліп, құзырлы органның тексеру қорытындысы негізінде тиісті процестік шешім қабылданады.
"Балалар медициналық бақылауға алынған, тиісті органдар тарапынан барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр", - деп хабарлады әкімдікте.
Айта кетейік, аталған демалыс орнында барлығы 103 жас спортшы мен 13 жаттықтырушы қоныстанған. Ауруханаға жүгінген науқастардың жағдайы жеңіл дәрежеде деп бағаланып отыр, денсаулықтары қалыпты, дәрігерлердің тұрақты бақылауында. Демалыс орнындағы басқа балаларға медициналық тексеру жүргізілді, ауру белгілері анықталған жоқ, профилактикалық шаралар жалғасып жатыр.