https://sputnik.kz/20260122/ontustik-koreyada-zansyz-zhumys-istep-zhurgen-qazaqstandyqtar-elden-ayyppulsyz-kete-alady-60590690.html
Оңтүстік Кореяда заңсыз жұмыс істеп жүрген қазақстандықтар елден айыппұлсыз кете алады
Оңтүстік Кореяда заңсыз жұмыс істеп жүрген қазақстандықтар елден айыппұлсыз кете алады
Sputnik Қазақстан
Корея Республикасында заңсыз еңбек етіп жүрген қазақстандықтар 2026 жылғы ақпан айының соңына дейін кетулері керек 22.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-22T10:16+0500
2026-01-22T10:16+0500
2026-01-22T10:17+0500
оңтүстік корея
жұмыс берушілер
қазақстан
https://sputnik.kz/img/04/50/045021_0:2:1001:565_1920x0_80_0_0_5f15e47d087c8650aa642f76bc0817c9.jpg
АСТАНА, 22 қаңтар - Sputnik. Оңтүстік Кореяда заңсыз жұмыс істеп жүрген қазақстандықтар ақпан айының соңына дейін елден ерікті түрде кете алады, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Корея Республикасында заңсыз еңбек етіп жүрген қазақстандықтар 2026 жылғы ақпан айының соңына дейін айыппұл салынбай және қайта кіруге тыйым салынбай, елден ерікті түрде шыға алатынын еске салады.Ерікті түрде елден шығу бағдарламасына қылмыстық құқықбұзушылық жасаған, мәжбүрлеп шығару шарасына жататын, сондай-ақ 2025 жылғы 1 желтоқсаннан кейін заңсыз мәртебеге түскен шетелдіктерге қолданылмайды.Министрлік қазақстандықтарды шетелде тек заңды негізде жұмысқа орналасуға шақырады. Бұл заңсыз көші-қон, елден шығарып жіберу, айыппұлдар, құқықтық шектеулер және еңбек қанауы сияқты тәуекелдердің алдын алуға мүмкіндік береді, дейді министрлікте.
https://sputnik.kz/20251209/ontustik-koreya-khalqynyn-qazaqstanga-turistik-bagdar-retinde-qyzygushylygy-artyp-zhatyr-59451370.html
оңтүстік корея
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/04/50/045021_122:0:877:566_1920x0_80_0_0_c985bd8fa8a978f0238841f4ec239dca.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
оңтүстік корея, жұмыс берушілер, қазақстан
оңтүстік корея, жұмыс берушілер, қазақстан
Оңтүстік Кореяда заңсыз жұмыс істеп жүрген қазақстандықтар елден айыппұлсыз кете алады
10:16 22.01.2026 (жаңартылды: 10:17 22.01.2026) Корея Республикасында заңсыз еңбек етіп жүрген қазақстандықтар 2026 жылғы ақпан айының соңына дейін кетулері керек
АСТАНА, 22 қаңтар - Sputnik. Оңтүстік Кореяда заңсыз жұмыс істеп жүрген қазақстандықтар ақпан айының соңына дейін елден ерікті түрде кете алады, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Корея Республикасында заңсыз еңбек етіп жүрген қазақстандықтар 2026 жылғы ақпан айының соңына дейін айыппұл салынбай және қайта кіруге тыйым салынбай, елден ерікті түрде шыға алатынын еске салады.
Ерікті түрде елден шығу бағдарламасына қылмыстық құқықбұзушылық жасаған, мәжбүрлеп шығару шарасына жататын, сондай-ақ 2025 жылғы 1 желтоқсаннан кейін заңсыз мәртебеге түскен шетелдіктерге қолданылмайды.
"Бағдарламаға қатысу үшін төлқұжат, өз еркімен кету туралы өтініш және әуе билеті қажет. Алдын ала хабарлама Корея Республикасының иммиграция кеңселері арқылы ұшу күніне дейін 15-тен 3 күнге дейінгі мерзімде беріледі", - деп жазылған хабарламада.
Министрлік қазақстандықтарды шетелде тек заңды негізде жұмысқа орналасуға шақырады. Бұл заңсыз көші-қон, елден шығарып жіберу, айыппұлдар, құқықтық шектеулер және еңбек қанауы сияқты тәуекелдердің алдын алуға мүмкіндік береді, дейді министрлікте.