https://sputnik.kz/20260121/salyq-kodeksine-ozgeris-engizile-me---ukimet-oz-ustanymyn-aytty-60562587.html
Салық кодексіне өзгеріс енгізіле ме - үкімет өз ұстанымын айтты
Салық кодексіне өзгеріс енгізіле ме - үкімет өз ұстанымын айтты
Sputnik Қазақстан
Үкімет жанынан Салық кодексін енгізу және реттеуші ортаны жеңілдету жөніндегі жобалық кеңсе құрылады 21.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-21T10:58+0500
2026-01-21T10:58+0500
2026-01-21T10:58+0500
үкімет
салық
ұлттық экономика министрлігі
https://sputnik.kz/img/939/55/9395595_0:85:1620:996_1920x0_80_0_0_a8145f998c004de10bff2327fa941659.jpg
АСТАНА, 21 қаңтар – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Салық кодексіне қандай жағдайда өзгеріс енгізілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Ұлттық құрылтайдың кешегі отырысында Тоқаев ойға қонымды ұсыныстардың негізінде Салық кодексіне өзгеріс енгізуге болады деп айтқан. Себебі “кодекс киелі жазу емес”. Ал үкіметтің бүгінгі отырысында президенттің тапсырмасын орындау мәселесі қаралды. Вице-премьер Серік Жұманғариннің айтуынша, кодекске қол қойылған сәттен бастап мыңдаған өтініш түскен."Бизнес сұрауларының көпшілігі қолданбалы негізде, бұл - салық режимін таңдау, ұзақ мерзімді шарттарды орындау, сондай-ақ жаңа нормаларды іс жүзінде қолдану мәселелері. Жұмысты жеңілдету мақсатында Үкімет жанынан Салық кодексін енгізу және реттеуші ортаны жеңілдету жөніндегі жобалық кеңсе құрылады", - деді Жұманғарин.Жобалық кеңсе бизнестің өтініштерін жинап, келісілген шешімдерді қабылдайды."Барлық сындарлы ұсыныстар мұқият қаралып, қорытындысы бойынша түзетулер енгізудің орындылығы мен қажеттілігі айқындалатын болады", - деді вице-премьер.
https://sputnik.kz/20260108/qazaqstandyqtarga-salyq-rezhimin-tandauga-1-nauryzga-deyin-uaqyt-berildi-60229856.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/939/55/9395595_90:0:1530:1080_1920x0_80_0_0_29fec97f63db60fe9a3ef3d6eebd7fff.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, салық, ұлттық экономика министрлігі
үкімет, салық, ұлттық экономика министрлігі
Салық кодексіне өзгеріс енгізіле ме - үкімет өз ұстанымын айтты
Үкімет жанынан Салық кодексін енгізу және реттеуші ортаны жеңілдету жөніндегі жобалық кеңсе құрылады
АСТАНА, 21 қаңтар – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Салық кодексіне қандай жағдайда өзгеріс енгізілетінін айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ұлттық құрылтайдың кешегі отырысында Тоқаев ойға қонымды ұсыныстардың негізінде Салық кодексіне өзгеріс енгізуге болады деп айтқан. Себебі “кодекс киелі жазу емес”. Ал үкіметтің бүгінгі отырысында президенттің тапсырмасын орындау мәселесі қаралды. Вице-премьер Серік Жұманғариннің айтуынша, кодекске қол қойылған сәттен бастап мыңдаған өтініш түскен.
"Бизнес сұрауларының көпшілігі қолданбалы негізде, бұл - салық режимін таңдау, ұзақ мерзімді шарттарды орындау, сондай-ақ жаңа нормаларды іс жүзінде қолдану мәселелері. Жұмысты жеңілдету мақсатында Үкімет жанынан Салық кодексін енгізу және реттеуші ортаны жеңілдету жөніндегі жобалық кеңсе құрылады", - деді Жұманғарин.
Жобалық кеңсе бизнестің өтініштерін жинап, келісілген шешімдерді қабылдайды.
"Барлық сындарлы ұсыныстар мұқият қаралып, қорытындысы бойынша түзетулер енгізудің орындылығы мен қажеттілігі айқындалатын болады", - деді вице-премьер.