https://sputnik.kz/20260121/qyz-alyp-qashuga-dastur-retinde-qaraytyn-zhagdayga-zhettik---abzal-quspan-60581433.html
Қыз алып қашуға дәстүр ретінде қарайтын жағдайға жеттік – Абзал Құспан
Қыз алып қашуға дәстүр ретінде қарайтын жағдайға жеттік – Абзал Құспан
Sputnik Қазақстан
Депутат келеңсіздіктердің алдын алу үшін профилактикалық шараларды көбірек жүргізу қажет деп санайды 21.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-21T22:49+0500
2026-01-21T22:49+0500
2026-01-21T22:49+0500
қыз алып қашу
қылмыс
ауыр қылмыс
қылмыстық топ
қылмыстық іс
https://sputnik.kz/img/07e8/05/16/44471590_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_92e4eae65c631563c02b36833d63cf60.jpg
АСТАНА, 21 қаңтар – Sputnik. Мәжіліс депутаты Абзал Құспан мәжбүрлі түрде қыз алып қашу дәстүр емес, қылмыс екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан."Егер екеуара келісім жасалса, кәмелет жасына толған болса, қыз алып қашу қылмыс болмайды. Ал зорлықпен жасалған әрекеттің бәрі қылмыс. Қызды былай қойыңыз, ер адамды мәжбүрлі түрде бір нүктеден екінші нүктеге апарсаңыз, адам ұрлау бабымен сотталасыз. Неге қызды ұрлаған кезде қылмыс болмау керек? Сөзсіз қылмыс", - дейді депутат.Абзал Құспан келеңсіздіктердің алдын алу үшін профилактикалық шараларды көбірек жүргізу қажет деп санайды."2025 жылдың маусым айында үкіметке хат жолдадым. Сонда профилактикалық шараларды, заңды түсіндіру шараларын күшейту керектігін нақты көрсеттім. Себебі жәбірленушілер өз құқығын біле бермейді. Олардың туыстары дәстүр ретінде қарайтындай жағдай қалыптасты. Оны қылмыс деп санамайды. Алдын алуға әрекет жасамайды. Екінші проблема, "құқық қолдану" деген ұғым бар, соны дұрыс қолданбай жатыр. Нұрайдың өлімі соған дәлел", - деп түйіндеді ол.Еске сала кетейік, Шымкент қаласында 21 жастағы Нұрай Серікбайды пышақтап тастады. 13 қаңтарда күдікті ұсталды. Бойжеткеннің кісі қолынан қаза тапқаны бүкіл елді дүрліктірді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/16/44471590_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_95e80793052999dff3011372f7fdf607.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қыз алып қашу, қылмыс, ауыр қылмыс, қылмыстық топ, қылмыстық іс
қыз алып қашу, қылмыс, ауыр қылмыс, қылмыстық топ, қылмыстық іс
Қыз алып қашуға дәстүр ретінде қарайтын жағдайға жеттік – Абзал Құспан
Депутат келеңсіздіктердің алдын алу үшін профилактикалық шараларды көбірек жүргізу қажет деп санайды
АСТАНА, 21 қаңтар – Sputnik. Мәжіліс депутаты Абзал Құспан мәжбүрлі түрде қыз алып қашу дәстүр емес, қылмыс екенін мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. "Егер екеуара келісім жасалса, кәмелет жасына толған болса, қыз алып қашу қылмыс болмайды. Ал зорлықпен жасалған әрекеттің бәрі қылмыс. Қызды былай қойыңыз, ер адамды мәжбүрлі түрде бір нүктеден екінші нүктеге апарсаңыз, адам ұрлау бабымен сотталасыз. Неге қызды ұрлаған кезде қылмыс болмау керек? Сөзсіз қылмыс", - дейді депутат.
Абзал Құспан келеңсіздіктердің алдын алу үшін профилактикалық шараларды көбірек жүргізу қажет деп санайды.
"2025 жылдың маусым айында үкіметке хат жолдадым. Сонда профилактикалық шараларды, заңды түсіндіру шараларын күшейту керектігін нақты көрсеттім. Себебі жәбірленушілер өз құқығын біле бермейді. Олардың туыстары дәстүр ретінде қарайтындай жағдай қалыптасты. Оны қылмыс деп санамайды. Алдын алуға әрекет жасамайды. Екінші проблема, "құқық қолдану" деген ұғым бар, соны дұрыс қолданбай жатыр. Нұрайдың өлімі соған дәлел", - деп түйіндеді ол.
Еске сала кетейік, Шымкент қаласында 21 жастағы Нұрай Серікбайды пышақтап тастады. 13 қаңтарда күдікті ұсталды. Бойжеткеннің кісі қолынан қаза тапқаны бүкіл елді дүрліктірді.