Алматыда заңсыз салынған ғимарат сүрілді

Алматыда заңсыз салынған ғимарат сүрілді
Алматыда заңсыз салынған ғимарат сүрілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.01.2026
Жазылу
Нысан иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, ғимаратты өз еркімен бұзу туралы нұсқама берілген
АСТАНА, 21 қаңтар – Sputnik. Алматыда заңсыз салынған ғимарат сүрілді, деп хабарлады қала әкімігінің баспасөз қызметі.
Қала құрылысын бақылау басқармасы Нүсіпбеков көшесінде орналасқан төрт қабатты ғимарат сүрілгенін хабарлады.
"Бұған дейін нысан иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, ғимаратты өз еркімен бұзу туралы нұсқама берілген. Алайда нұсқама талаптары орындалмаған", - дейді әкімдікте.
2025 жылдың 8 мамырында Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Қала құрылысын бақылау басқармасының талап-арызын қанағаттандырып, нысанды бұзу туралы шешім шығарды. Сот шешімі орындалуы үшін әділет департаментіне жолданған.
Сол себепті сот орындаушыларының қатысуымен нысанды бұзу жұмыстары басталды.
Алматыда заңсыз салынған монша кешені сүрілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.09.2025
Алматыда заңсыз салынған монша кешені сүрілді
Жаңалықтар
0