Жамбыл облысында ер адам "Сергекке" пневматикалық мылтықтан оқ атқан

© Photo : департамент полиции г. Шымкента"Сергек" камералары
Сергек камералары - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.01.2026
Жазылу
Оқиға 2025 жылдың желтоқсанында "Сарыкемер-Түймекент-Ақшолақ" тас жолында болған
АСТАНА, 20 қаңтар - Sputnik. Жамбыл облысында ер адам "Сергек" камерасын жойғаны үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады облыстық сот.
Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру фактісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады Байзақ аудандық соты қарады.
"Сот 2025 жылдың желтоқсанында ер адам "Сарыкемер-Түймекент-Ақшолақ" тас жолында пневматикалық мылтықтан оқ атып, "Сергек" камерасына қасақана зақым келтіргенін анықтады. Оның әрекеті салдарынан ЖШС-ға материалдық шығын келтірілді", - деп жазылған хабарламада.
Сотта құқық бұзушы өзінің кінәсін толық мойындап, келтірілген залалдың ішінара өтелгені туралы хабарлады.
Жәбірленуші тарап залал толық көлемде өтелмегенін көрсетті.
Ер адамның кінәсі хаттамамен, полицияның хабарламасымен, жәбірленушінің жазбаша арызымен және құқық бұзушының айғақтарымен дәлелденді.
Сот қаулысымен ер адам кінәлі деп танылып, оған 196 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындалды.
Қаулы заңды күшіне енді.
Астанада ер адам арнайы жасақ қызметкеріне оқ жаудырды   - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.01.2026
Астанада ер адам арнайы жасақ қызметкеріне оқ жаудырды
Жаңалықтар
0