Шымкентте жүргізуші куәлігін алуға үміткер көлікті аударып тастады (ВИДЕО)

© Sputnik / Игорь Зарембо / Медиабанкке өтуСалон внедорожника
Салон внедорожника - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.01.2026
Жазылу
АСТАНА, 20 қаңтар – Sputnik. Шымкентте жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыруға барған үміткер көлікті аударып тастады.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы аталған оқиғаның 2026 жылғы 19 қаңтарда мамандандырылған ХҚКО аумағында болғанын хабарлады.
"Жүргізуші куәлігін алуға үміткер практикалық емтихандағы жаттығулардың бірін орындау кезінде көлік құралын басқара алмай, оны аударып алған", - деп жазылған хабарламада.
Оған оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жедел жәрдем бригадасы шақырылған. Жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды.
Корпорация практикалық емтихан тапсыруға авто мектептерде оқудан өткен, көлік құралын басқаруға және практикалық емтиханда тапсырмаларды өз бетінше орындауға дайын екенін растаған тұлғалар жіберілетінін еске салды.
Жаңалықтар
0