Өзбекстанға астық тасымалдау көлемі 4,5 млн тоннаға дейін ұлғайды

© Sputnik / Игорь Зарембо / Медиабанкке өтуПогрузка зерновозов, архивное фото
Погрузка зерновозов, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.01.2026
Жазылу
Барлығы 319,9 млн тонна жүк тасымалданды
АСТАНА, 20 қаңтар – Sputnik. 2025 жылы Өзбекстанға теміржол арқылы астық тасымалы 32% өсті, деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.
"Өзбекстан Республикасымен жүк тасымалының көлемі 32,3 млн тоннаны құрап, 16% артты. Экспорттық тасымалдар 8,5% өсіп, 13 млн тоннаға жетті. Бұл ретте Өзбекстанға астық тасымалдау көлемі 32% артып, 4,5 млн тоннаға дейін ұлғайды", - деп жазылған хабарламада.
2025 жылдың қорытынды бойынша "ҚТЖ" ҰК" АҚ желісі бойынша барлығы 319,9 млн тонна жүк тасымалданды, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 5,5% артық.
Экспорттық тасымалдау көлемі 7,1% ұлғайып, 89,2 млн тоннаға жетті.
Вагоны с зерном - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.01.2026
Астық тасымалдауға арналған субсидияның 60%-ін "өз адамдары" алған – тергеу нәтижесі
Жаңалықтар
0