https://sputnik.kz/20260120/konstitutsiyada-prezidentke-qatysty-bap-naqtylanady-60540786.html
Конституцияда президентке қатысты бап нақтыланады
Конституцияда президентке қатысты бап нақтыланады
Sputnik Қазақстан
Мемлекет басшысы мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде сайлау өтеді деген норма заңда белгіленуі қажет 20.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-20T15:25+0500
2026-01-20T15:25+0500
2026-01-20T15:25+0500
президент
президент сайлауы
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/748/15/7481500_0:317:6017:3701_1920x0_80_0_0_6271df3c364a026c194a1d29a4f3baea.jpg
АСТАНА, 20 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияда президентке қатысты бапта нақтылауды қажет ететін тұстарды атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгінде мемлекет басшысын сайлау мәселесі бойынша маңызды ұсыныс бар.Осыған байланысты мемлекет басшысы мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс президент сайлауы өтеді деген норма заңда нақты белгіленуі қажет."Бұл қадам халықаралық озық тәжірибеге сай келеді. Еліміздің кез келген басшысы билікке сайлау арқылы, яғни, заңды түрде келуі керек. Бұл – мен үшін мызғымас ұстаным. Осы норма кейінгі мемлекет басшылары үшін де еш өзгермейтін қағида болуға тиіс!", - деп атап өтті Тоқаев.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/748/15/7481500_330:0:5685:4016_1920x0_80_0_0_c0feef814205df404c8c8a1e4f490dc7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, президент сайлауы, қасым-жомарт тоқаев
президент, президент сайлауы, қасым-жомарт тоқаев
Конституцияда президентке қатысты бап нақтыланады
Мемлекет басшысы мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде сайлау өтеді деген норма заңда белгіленуі қажет
АСТАНА, 20 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияда президентке қатысты бапта нақтылауды қажет ететін тұстарды атады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде мемлекет басшысын сайлау мәселесі бойынша маңызды ұсыныс бар.
"Қазіргі Ата заңға сәйкес, президент өз міндетін атқара алмайтындай оқыс жағдай туындаса, оның өкілеттігі қалған мерзімге сенат төрағасына беріледі. Сенат төрағасының мемлекетті басқаруға мүмкіндігі болмаса, президент өкілеттігі белгіленген тәртіпке сәйкес тиісті лауазым иелеріне өтеді. Бұл ретте, мәселенің бәрі "қалған мерзімге" деген сөзге келіп тіреледі, осы мәселені ерекше атап өткен жөн. Басқаша айтсақ, "қалған мерзім" 6 айға да, 6 жылға да созылуы мүмкін", - деді Тоқаев ұлттық құрылтайдың бүгінгі отырысында.
Осыған байланысты мемлекет басшысы мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс президент сайлауы өтеді деген норма заңда нақты белгіленуі қажет.
"Бұл қадам халықаралық озық тәжірибеге сай келеді. Еліміздің кез келген басшысы билікке сайлау арқылы, яғни, заңды түрде келуі керек. Бұл – мен үшін мызғымас ұстаным. Осы норма кейінгі мемлекет басшылары үшін де еш өзгермейтін қағида болуға тиіс!", - деп атап өтті Тоқаев.