https://sputnik.kz/20260120/euraziyalyq-onerkasiptik-tauarlar-tizilimine-56-tauar-qosylady---eek-60532173.html
Еуразиялық өнеркәсіптік тауарлар тізіліміне 56 тауар енгізіледі - ЕЭК
Еуразиялық өнеркәсіптік тауарлар тізіліміне 56 тауар енгізіледі - ЕЭК
Sputnik Қазақстан
Комиссия Одақ елдеріндегі мемлекеттік сатып алулардағы жаңалықтар мен өзгерістер туралы хабарлады 20.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-20T08:36+0500
2026-01-20T08:36+0500
2026-01-20T09:09+0500
тауар
еаэо
медицина
https://sputnik.kz/img/07e5/06/11/17369835_0:180:3001:1868_1920x0_80_0_0_4dcfff93f6c80d6e2b270a5bfade3f63.jpg
АСТАНА, 20 қаңтар – Sputnik. ЕЭО елдерінде 22 қаңтардан бастап мемлекеттік сатып алу үшін кейбір тауар түрлерінің дайындалған елін анықтау ережелеріне енгізілген түзетулер күшіне енеді.ЕЭК олардың 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға қолданылатынын хабарлады. Түзетулер Еуразиялық Өнеркәсіптік тауарлар тізіліміне 56 тауар атауы бойынша өнімдерді қосуға мүмкіндік береді.Медициналық маскалар, таңғыштар, шприцтер, хирургиялық материалдар, есту аппараттары және өрт сөндіргіштер сияқты тағы 25 өнім СТ-1 нысанындағы сертификатты ұсыну негізінде енгізіледі."Сонымен қатар, СТ-1 нысанындағы сертификатты ұсыну негізінде Еуразиялық өнеркәсіптік тауарлар тізіліміне енгізілген өнімдердің тізімін қамтитын Ережеге №11 қосымшаның қолданылу мерзімі 2026 жылдың соңына дейін ұзартылды. Дегенмен, кейбір өнім түрлері үшін мерзім тек 2026 жылдың 30 маусымына дейін ұзартылады", - деп хабарлады ЕЭК.Өнеркәсіптік тауарлардың Еуразиялық тізілімі басқа мүше мемлекеттер мен үшінші елдерден келетін тауарларға артықшылықтар, шектеулер мен тыйымдар белгілеген ЕАЭО елдерінің мемлекеттік сатып алуға қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.
https://sputnik.kz/20260119/biyl-eaeo-birlesken-zhobalardy-qoldauga-ush-ese-kop-qarazhat-boledi-60503722.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/11/17369835_135:0:2866:2048_1920x0_80_0_0_bc06e42831c116c9ba6594c8f91a3f6b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тауар, еаэо, медицина
Еуразиялық өнеркәсіптік тауарлар тізіліміне 56 тауар енгізіледі - ЕЭК
08:36 20.01.2026 (жаңартылды: 09:09 20.01.2026) Комиссия Одақ елдеріндегі мемлекеттік сатып алулардағы жаңалықтар мен өзгерістер туралы хабарлады
АСТАНА, 20 қаңтар – Sputnik. ЕЭО елдерінде 22 қаңтардан бастап мемлекеттік сатып алу үшін кейбір тауар түрлерінің дайындалған елін анықтау ережелеріне енгізілген түзетулер күшіне енеді.
ЕЭК олардың 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға қолданылатынын хабарлады. Түзетулер Еуразиялық Өнеркәсіптік тауарлар тізіліміне 56 тауар атауы бойынша өнімдерді қосуға мүмкіндік береді.
"Бұған өндіріс шарттары мен технологиялық операциялар тізіміне сәйкестік негізінде синтетикалық талшықтар, инелер, протездер, уроқабылдағыштар, ультрадыбыстық сканерлеу аппараттары, дәрілік заттар және фармацевтикалық субстанциялар сияқты 31 өнім кіреді", - деп хабарлады комиссияда.
Медициналық маскалар, таңғыштар, шприцтер, хирургиялық материалдар, есту аппараттары және өрт сөндіргіштер сияқты тағы 25 өнім СТ-1 нысанындағы сертификатты ұсыну негізінде енгізіледі.
"Сонымен қатар, СТ-1 нысанындағы сертификатты ұсыну негізінде Еуразиялық өнеркәсіптік тауарлар тізіліміне енгізілген өнімдердің тізімін қамтитын Ережеге №11 қосымшаның қолданылу мерзімі 2026 жылдың соңына дейін ұзартылды. Дегенмен, кейбір өнім түрлері үшін мерзім тек 2026 жылдың 30 маусымына дейін ұзартылады", - деп хабарлады ЕЭК.
Өнеркәсіптік тауарлардың Еуразиялық тізілімі басқа мүше мемлекеттер мен үшінші елдерден келетін тауарларға артықшылықтар, шектеулер мен тыйымдар белгілеген ЕАЭО елдерінің мемлекеттік сатып алуға қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.