"Бұрын-соңды болмаған": Тоқаев жаңа нысандар салынатынын жариялады

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаҰлттық құрылтай отырысы
Ұлттық құрылтай отырысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.01.2026
Жазылу
Екі жылдың ішінде 100-ден астам мәдениет ошағы жөнделеді
АСТАНА, 20 қаңтар – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында бірнеше облыста жаңа мәдени нысандардың салынатынын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Президент қоғамның санасын жаңғырту қажеттігін ерекше айтты. Онсыз реформалар ойдағыдай нәтиже бермейді.
“Сондықтан біз руханият мәселелеріне айрықша мән береміз. Бұл салада бұрын-соңды болмаған ауқымды шаруалар қолға алынады. Атап айтқанда, Алматы облысында қазақ драма театры, Абай мен Ақтөбе облыстарында театрлар бой көтереді. Шымкентте де опера және балет театрының құрылысы басталмақ. Қызылордада жаңа драма театрын салу жоспарымызда бар. Биыл құрылысты бастауымыз керек”,-деді Тоқаев.
Бұдан бөлек, екі жылдың ішінде 100-ден астам мәдениет ошағы жөнделеді.
“Мен өткен сапарымда Қызылорда облысының зиялы қауым өкілдерімен кездескенде заманауи кітапхана салу керек деп айттым. Енді, бұл құрылыс биылдан бастап жүргізіледі”, - деді Тоқаев.
Ұлттық құрылтай - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.01.2026
Ұлттық құрылтайда жеңілдетілген кредит беру мәселесі көтерілді
Жаңалықтар
0