Астанада студенттер мен оқушылар иіссу өндіретін болды

CC0 / krystian_kam / Парфюм
Парфюм - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.01.2026
Жазылу
Аталған бастамаға Қазақстандағы танымал Romantik гүлдер желісі де қолдау көрсетіп отыр
АСТАНА, 20 қаңтар – Sputnik. Астанада колледж студенттері мен мектеп оқушылары Вашингтоннан алынған әтір қоспа майларын пайдалана отырып, гүлдер мен жеміс-жидектер негізінде жаңа отандық иіссу өнімдерін дайындауды бастады.
№91 мектеп-гимназиясы мен Сервис және туризм колледжі өзара ынтымақтастық туралы екіжақты меморандумға қол қойды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Аталған бастамаға Қазақстандағы танымал Romantik гүлдер желісі де қолдау көрсетіп, жобаның тәжірибелік және шығармашылық тұрғыда дамуына өз үлесін қосуда.
"Бүгін екі оқу орнының білім алушылары арнайы кездесіп, өзара тәжірибе алмасты", - деп жазылған хабарламада.
Кездесу барысында жасалған иіссулар таныстырылып, алдағы жұмыстар талқыланды. Ал дайын өнімдердің ресми презентациясы мамыр айында көпшілікке ұсынылады деп жоспарлануда.
Сонымен қатар, алдағы уақытта колледждің флористика және ландшафтық дизайн мамандықтарында білім алып жатқан студенттері мектеп ауласын абаттандыру жұмыстарына атсалысып, "Таза Қазақстан" республикалық акциясына өз үлестерін қоспақ.
Айта кетері, жаңа жоба аясында №91 мектеп-гимназиясы бұған дейін АҚШ-тың Вашингтон университетімен серіктестік орнатып, әтір өндірісінде қолданылатын қоспа майларды алу жөнінде келісім жасаған.
Жаңалықтар
0