https://sputnik.kz/20260119/qantar-ubt-syn-36-myn-adam-tapsyrdy-60528684.html
Қаңтар ҰБТ-сын 36 мың адам тапсырды
Қаңтар ҰБТ-сын 36 мың адам тапсырды
Sputnik Қазақстан
Талапкерлердің 64%-ы тестілеуді қазақ тілінде тапсырды 19.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-19T22:11+0500
2026-01-19T22:11+0500
2026-01-19T22:11+0500
ұбт
талапкерлер
https://sputnik.kz/img/07ea/01/0a/60292121_0:0:1080:608_1920x0_80_0_0_af99f3f2ffacdf62174e7fd90e8e7376.jpg
АСТАНА, 19 қаңтар – Sputnik. 2026 жылдың 10 қаңтарында басталған ҰБТ-ны бүгінгі күнге дейін 36 мыңнан астам адам өтті, деп хабарлайды Ғылым және жоғары білім министрлігі.Талапкерлердің 64%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 36%-ы орыс тілінде және 52 адам ағылшын тілінде тапсырды.Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға 156 талапкер қатысқанын айта кеткен жөн.Талапкерлердің тест тапсырмаларының мазмұны бойынша тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға беру құқығы бар. Техникалық себептер бойынша апелляция тікелей тестілеу кезінде қабылданады.ҰБТ-ны өткізудің бірінші аптасында 94 ереже бұзушылық анықталды. 56 талапкер смартфондарды, шпаргалкаларды және басқа да тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуден шеттетілді. Тағы 38 адам тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды, олардың нәтижелері жойылды. Өзге адамдардың орнына кіру фактілері анықталған жоқ.2026 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін 31 қазанға дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда ҰБТ нәтижелері жойылады.Естеріңізге сала кетсек, тестілеуге қатысуға 187 мыңға жуық өтініш келіп түсті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/01/0a/60292121_103:0:1063:720_1920x0_80_0_0_03c67556474dee3047997995c75617a5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұбт, талапкерлер
Қаңтар ҰБТ-сын 36 мың адам тапсырды
Талапкерлердің 64%-ы тестілеуді қазақ тілінде тапсырды
АСТАНА, 19 қаңтар – Sputnik. 2026 жылдың 10 қаңтарында басталған ҰБТ-ны бүгінгі күнге дейін 36 мыңнан астам адам өтті, деп хабарлайды Ғылым және жоғары білім министрлігі.
Талапкерлердің 64%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 36%-ы орыс тілінде және 52 адам ағылшын тілінде тапсырды.
"Бірінші аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 60,3%-ы шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа балл 57 балды құрады. Ең жоғары нәтиже – 131 балл", - деп жазылған хабарламада.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға 156 талапкер қатысқанын айта кеткен жөн.
Талапкерлердің тест тапсырмаларының мазмұны бойынша тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға беру құқығы бар. Техникалық себептер бойынша апелляция тікелей тестілеу кезінде қабылданады.
ҰБТ-ны өткізудің бірінші аптасында 94 ереже бұзушылық анықталды. 56 талапкер смартфондарды, шпаргалкаларды және басқа да тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуден шеттетілді. Тағы 38 адам тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды, олардың нәтижелері жойылды. Өзге адамдардың орнына кіру фактілері анықталған жоқ.
2026 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін 31 қазанға дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда ҰБТ нәтижелері жойылады.
Естеріңізге сала кетсек, тестілеуге қатысуға 187 мыңға жуық өтініш келіп түсті.