https://sputnik.kz/20260119/almaty-oblysynda-byltyr-70-mynnan-astam-zhumys-orny-quryldy-60506017.html
Алматы облысында былтыр 70 мыңнан астам жұмыс орны құрылды
Алматы облысында былтыр 70 мыңнан астам жұмыс орны құрылды
Sputnik Қазақстан
2025 жылы тұрақты бос жұмыс орындарына 22 099 адам орналастырылды 19.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-19T09:26+0500
2026-01-19T09:26+0500
2026-01-19T09:26+0500
алматы облысы
жұмыс берушілер
әкімдік
https://sputnik.kz/img/07e9/06/09/54440376_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_97b1e381e0af6973e7e3069d66de6eb8.jpg
АСТАНА, 19 қаңтар – Sputnik. 2025 жылы Алматы облысында халықты жұмыспен қамтуды кеңейту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілді, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.Жұмыссыз азаматтарды нақты еңбек нарығына тартуға да ерекше көңіл бөлінді. 2025 жылы тұрақты бос жұмыс орындарына 22 099 адам орналастырылды. Бұл көрсеткіш өңірдегі жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне айтарлықтай әсер етті.Сондай-ақ, жұмыспен қамтуды субсидиялау бағдарламалары арқылы мыңдаған азамат жұмысқа орналасты. Атап айтқанда, бір жыл ішінде осы бағыттағы жобаларға 12 256 жұмыссыз азамат тартылды.Еңбек нарығы талаптарына бейімдеу және кадр даярлау мақсатында қысқа мерзімді оқыту бағдарламалары да жүзеге асырылды. Оқу 6 колледжде және 10 оқу орталығында өткізіліп, 707 жұмыссыз азаматты қамтыды. Оқуды аяқтаған 527 адам өз мамандығы бойынша тұрақты жұмысқа орналасты.
https://sputnik.kz/20251112/qazaqstan-resey-oniraralyq-forumy-23-myn-zhana-zhumys-orny-ashylady-58700372.html
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/09/54440376_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_ae58dd9e7203f1dcbd6955eb5b5fc524.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы облысы, жұмыс берушілер, әкімдік
алматы облысы, жұмыс берушілер, әкімдік
Алматы облысында былтыр 70 мыңнан астам жұмыс орны құрылды
2025 жылы тұрақты бос жұмыс орындарына 22 099 адам орналастырылды
АСТАНА, 19 қаңтар – Sputnik. 2025 жылы Алматы облысында халықты жұмыспен қамтуды кеңейту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілді, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
"2025 жылдың басынан бері өңірде 72 541 жұмыс орны құрылды. Оның ішінде 58 528-і — тұрақты, 14 013-і — уақытша жұмыс орындары. Сонымен қатар, ұлттық жобалар аясында 3 363 жұмыс орны ашылды", - деп жазылған хабарламада.
Жұмыссыз азаматтарды нақты еңбек нарығына тартуға да ерекше көңіл бөлінді. 2025 жылы тұрақты бос жұмыс орындарына 22 099 адам орналастырылды. Бұл көрсеткіш өңірдегі жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне айтарлықтай әсер етті.
Сондай-ақ, жұмыспен қамтуды субсидиялау бағдарламалары арқылы мыңдаған азамат жұмысқа орналасты. Атап айтқанда, бір жыл ішінде осы бағыттағы жобаларға 12 256 жұмыссыз азамат тартылды.
Еңбек нарығы талаптарына бейімдеу және кадр даярлау мақсатында қысқа мерзімді оқыту бағдарламалары да жүзеге асырылды. Оқу 6 колледжде және 10 оқу орталығында өткізіліп, 707 жұмыссыз азаматты қамтыды. Оқуды аяқтаған 527 адам өз мамандығы бойынша тұрақты жұмысқа орналасты.