Абай облысында 100-ге жуық орман ағашы заңсыз кесілген

© Photo : Акимат Нур-СултанаОрман ағаштары
Орман ағаштары - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.01.2026
Жазылу
Келтірілген залал 760 мың теңгеден асты
АСТАНА, 19 қаңтар - Sputnik. Абай облысы Бородулиха ауданында орман ағаштары заңсыз кесілген, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Бородулиха ауданының прокуратурасы мемлекеттік жерлерді заңсыз иелену және орманды заңсыз кесу фактілерін анықтады.
"Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мен "Ертіс орманы" мекемесінің лауазымды тұлғалары Успенка және Поднебесное елді мекендерінің жайылымдық алқаптарына заңсыз дайындалған ағаш материалдарын орналастырған", - дейді прокуратурада.
Бұл жер учаскелері "Ертіс орманы" мекемесіне пайдалануға берілмеген. Екі лауазымды тұлғасы әкімшілік жауаптылыққа тартылып, айыппұлдар төленді.
"Сонымен қатар Новошульба филиалының Успенка орманшылығында жалпы көлемі 96,7 шаршы метр болатын аумақта "қарағай" тұқымдас 92 ағаш заңсыз кесілген. Келтірілген залал 760 мың теңгеден асты", - дейді прокуратура.
Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.
Мемлекеттік нөмір - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.01.2026
Заңсыз нөмірлер: үш күнде республикалық жолдарда 900-ден астам заң бұзушылық анықталды
Жаңалықтар
0