https://sputnik.kz/20260119/1-kreslony-20-mln-tengege-satyp-algan-shymkentte-universitet-basshylary-qarzhy-zhymqyrdy-60507841.html
1 креслоны 20 млн теңгеге сатып алған: Шымкентте университет басшылары қаржы жымқырды
1 креслоны 20 млн теңгеге сатып алған: Шымкентте университет басшылары қаржы жымқырды
Sputnik Қазақстан
Салдарынан мемлекетке 321 млн теңге көлемінде залал келтірілді 19.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-19T10:37+0500
2026-01-19T10:37+0500
2026-01-19T11:10+0500
шымкент
қаражат
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:125:1201:800_1920x0_80_0_0_4e603bb753a4668d5fe23d1c8b5be3d8.jpg
АСТАНА, 19 қаңтар - Sputnik. Шымкентте М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінвң басшылығы бюджет қаражатын жымқырды, деп хабарлайды қаржылық мониторинг агенттігі.Күдіктілер қатарында бұрынғы бірінші проректор, қаржы және әкімшілік департаменттердің директорлары, өндірістік-техникалық бөлімнің қойма меңгерушісі, сондай-ақ мердігер ұйымдардың басшылары бар.Күдіктілер іс жүзінде жеткізілмеген тауарларды немесе жасанды түрде қымбат бағамен сатып алған. Жалған мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасқан.Жеткізілмеген тауарды жасыру мақсатында күдіктілер тозған тауарлық-материалдарды баланстан формалды түрде есептен шығарып, оларды іс жүзінде пайдалануды жалғастырған. Ал есептен шығарылған мүліктің орнына келуі тиіс жаңа тауарлар мүлдем жеткізілмеген.Салдарынан мемлекетке 321 млн теңге көлемінде залал келтірілді."Тергеу барысында күдіктілер 264 млн теңгені ерікті түрде өтеді. Соттың санкциясымен олардың мүлкіне — 4 тұрғын үйге, 1 автокөлікке және банктік шоттардағы 40 млн теңге көлеміндегі ақшалай қаражатқа тыйым салынды", - дейді қаржылық мониторинг агенттігі.Қылмыстық іс сотқа жолданды.
https://sputnik.kz/20251226/astanada-iri-kolemde-aqsha-zhymqyrgan-bank-qyzmetkeri-ustaldy-59961525.html
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:0:1067:800_1920x0_80_0_0_6126eb18119694686f95d89e748fc25a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, қаражат, алаяқтық
шымкент, қаражат, алаяқтық
1 креслоны 20 млн теңгеге сатып алған: Шымкентте университет басшылары қаржы жымқырды
10:37 19.01.2026 (жаңартылды: 11:10 19.01.2026) Салдарынан мемлекетке 321 млн теңге көлемінде залал келтірілді
АСТАНА, 19 қаңтар - Sputnik. Шымкентте М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінвң басшылығы бюджет қаражатын жымқырды, деп хабарлайды қаржылық мониторинг
агенттігі.
Күдіктілер қатарында бұрынғы бірінші проректор, қаржы және әкімшілік департаменттердің директорлары, өндірістік-техникалық бөлімнің қойма меңгерушісі, сондай-ақ мердігер ұйымдардың басшылары бар.
Күдіктілер іс жүзінде жеткізілмеген тауарларды немесе жасанды түрде қымбат бағамен сатып алған. Жалған мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасқан.
"Байланысы бар жеке кәсіпкерлер мен коммерциялық ұйымдардың шоттарына аударылған қаражат кейінен қолма-қол ақшаға айналдырылып, қылмыстық қатысушылар арасында бөлінген. Мысалы, осы схема аясында университет басшылығы нарықтық құны 200 мың теңгеден аспайтын бір креслоны 20 млн теңгеге сатып алған", - дейді агенттікте.
Жеткізілмеген тауарды жасыру мақсатында күдіктілер тозған тауарлық-материалдарды баланстан формалды түрде есептен шығарып, оларды іс жүзінде пайдалануды жалғастырған. Ал есептен шығарылған мүліктің орнына келуі тиіс жаңа тауарлар мүлдем жеткізілмеген.
Салдарынан мемлекетке 321 млн теңге көлемінде залал келтірілді.
"Тергеу барысында күдіктілер 264 млн теңгені ерікті түрде өтеді. Соттың санкциясымен олардың мүлкіне — 4 тұрғын үйге, 1 автокөлікке және банктік шоттардағы 40 млн теңге көлеміндегі ақшалай қаражатқа тыйым салынды", - дейді қаржылық мониторинг агенттігі.
Қылмыстық іс сотқа жолданды.