https://sputnik.kz/20260118/zhasandy-intellektini-paydalanatyndar-neni-bilui-kerek-60490759.html
Жасанды интеллектіні пайдаланатындар нені білуі керек
Жасанды интеллектіні пайдаланатындар нені білуі керек
Sputnik Қазақстан
Жаңа заңда фото мен видеоның жасанды интеллектімен жасалғанын көрсетпегені үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған 18.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-18T20:43+0500
2026-01-18T20:43+0500
2026-01-18T20:43+0500
жасанды интеллект
заң
заң бұзу
https://sputnik.kz/img/07e9/09/17/57297395_0:105:1081:713_1920x0_80_0_0_a919b3f1380109e04b73ea23a8bbb202.jpg
АСТАНА, 18 қаңтар – Sputnik. Осы аптада жасанды интеллект туралы заң күшіне енді. Оған сәйкес, ЖИ-мен жасалған контент міндетті түрде таңбалануы қажет. Sputnik Қазақстан жауапкершілікке қатысты заңның негізгі нормасын ұсынады.Жалған ақпарат пен дипфейк көбейдіБүгінде жасанды интеллектінің көмегімен жасалған видео мен фото материалдар желіде кеңінен таралып жатыр. Ал ондай контент, әсіресе, қоғамдық маңызы бар және әлеуметтік тұрғыдан өзекті тақырыптарда манипуляция, жалған ақпарат пен дипфейктің таралу қаупін арттырады. Сондықтан заңның 21-бабында жасанды интеллектімен жасалған контентке қатысты нақты талап бар.Ал меншік иелері мен пайдаланушыларға жасанды интеллект жүйелерінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша тәуекелдерді басқару, қауіпсіздік пен сенімділікті қамтамасыз ету, қолдау көрсету міндеттері жүктелген.Заңды бұзғандарды қалай жазалайдыЖаңа заңда фото мен видеоның жасанды интеллектімен жасалғанын көрсетпегені үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте айыппұлдың нақты көлемі көрсетілген. Олар:Ал құқық бұзушылық бір жылдың ішінде қайталанса, айыппұл көлемі екі есеге артады.Бұдан кейін заңсыз видео мен фото таратыла берсе, жасанды интеллект жүйесінің жұмысы тоқтатылуы мүмкін, я болмаса, мүлдем тыйым салып тастайды.Осылайша, заң қабылданғаннан кейін ЖИ-мен жасалған барлық контентте "Жасанды интеллектпен жасалған" деген жазу немесе аудиохабарлама болуы шарт.Ал жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанда бірқатар мүмкіндікке ие жасанды интеллект жүйелерін құруға және пайдалануға тыйым салынды. Атап айтқанда, түпсаналық, манипуляциялық немесе жеке деректерді жинайтын және өңдейтін жүйелерді құруға болмайды.
https://sputnik.kz/20260118/qazaqstanda-turki-tilderin-tanuga-arnalgan-en-iri-zhi-modeli-azirlendi-60487359.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/17/57297395_51:0:1011:720_1920x0_80_0_0_c4a3a686bd5b9bcb847d023a8c50ed09.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жасанды интеллект, заң, заң бұзу
жасанды интеллект, заң, заң бұзу
Жасанды интеллектіні пайдаланатындар нені білуі керек
Жаңа заңда фото мен видеоның жасанды интеллектімен жасалғанын көрсетпегені үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған
АСТАНА, 18 қаңтар – Sputnik. Осы аптада жасанды интеллект туралы заң күшіне енді. Оған сәйкес, ЖИ-мен жасалған контент міндетті түрде таңбалануы қажет.
Sputnik Қазақстан жауапкершілікке қатысты заңның негізгі нормасын ұсынады.
Жалған ақпарат пен дипфейк көбейді
Бүгінде жасанды интеллектінің көмегімен жасалған видео мен фото материалдар желіде кеңінен таралып жатыр. Ал ондай контент, әсіресе, қоғамдық маңызы бар және әлеуметтік тұрғыдан өзекті тақырыптарда манипуляция, жалған ақпарат пен дипфейктің таралу қаупін арттырады. Сондықтан заңның 21-бабында жасанды интеллектімен жасалған контентке қатысты нақты талап бар.
"Жасанды интеллект арқылы жасалған немесе өзгертілген және шынайы оқиғаларды имитациялайтын суреттерді, бейнематериалдарды, аудиожазбаларды және мәтіндерді тарату аудиторияға арнайы таңбалау мен ескерту болған жағдайда ғана рұқсат етіледі", - делінген заңда.
Ал меншік иелері мен пайдаланушыларға жасанды интеллект жүйелерінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша тәуекелдерді басқару, қауіпсіздік пен сенімділікті қамтамасыз ету, қолдау көрсету міндеттері жүктелген.
Заңды бұзғандарды қалай жазалайды
Жаңа заңда фото мен видеоның жасанды интеллектімен жасалғанын көрсетпегені үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте айыппұлдың нақты көлемі көрсетілген. Олар:
жеке тұлғаларға - 15 АЕК (2026 жылы - 64 875 теңге);
шағын бизнес немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 20 АЕК (86 500 теңге);
орта бизнеске - 30 АЕК (129 750 теңге);
ірі бизнеске - 100 АЕК (432 500 теңге).
Ал құқық бұзушылық бір жылдың ішінде қайталанса, айыппұл көлемі екі есеге артады.
жеке тұлғаларға- 30 АЕК (2026 жылы - 129 750 теңге);
шағын бизнес немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 50 АЕК (216 250 теңге);
орта бизнеске - 70 АЕК (302 750 теңге);
ірі бизнеске - 200 АЕК (865 000 теңге).
Бұдан кейін заңсыз видео мен фото таратыла берсе, жасанды интеллект жүйесінің жұмысы тоқтатылуы мүмкін, я болмаса, мүлдем тыйым салып тастайды.
Осылайша, заң қабылданғаннан кейін ЖИ-мен жасалған барлық контентте "Жасанды интеллектпен жасалған" деген жазу немесе аудиохабарлама болуы шарт.
Ал жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанда бірқатар мүмкіндікке ие жасанды интеллект жүйелерін құруға және пайдалануға тыйым салынды. Атап айтқанда, түпсаналық, манипуляциялық немесе жеке деректерді жинайтын және өңдейтін жүйелерді құруға болмайды.