Жамбыл облысында жоғалған әйел көрші қожалықтың аумағынан табылды

© Photo : КЧС МВД РКТранспорт спасателей
Транспорт спасателей - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.01.2026
Жазылу
Оған медициналық көмек қажет болмады
АСТАНА, 18 қаңтар – Sputnik. Жамбыл облысының Шу ауданында малшыға көмектесу үшін шығып, хабарсыз кеткен әйел аман-есен табылды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.
Іздестіру жұмыстары барысында құтқарушылар, арнайы техника, кинологиялық есептоп және ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылды.
"Бүгін таңертең жоғалған әйел көрші қожалықтың аумағынан табылды. Жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмек қажет болмады", - деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетейік, Қарағанды облысында полиция жоғалған азаматтарды іздеп тапқан болатын. 16 қаңтар күні кешкі уақытта олар Toyota Land Cruiser автокөлігімен мал іздеуге шығып, кейін байланысқа шықпаған. Іздестіру шараларының нәтижесінде 39 және 68 жастағы азаматтарты полиция қызметкерлері іздеп тапты.
Атты адам - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.01.2026
Қарағандыда мал іздеуге шыққандар жоғалып кетті
Жаңалықтар
0