https://sputnik.kz/20260118/torpedo-khokkey-kluby-kontinentaldyq-kuboktyn-kumis-zhuldegeri-atandy-60488033.html
"Торпедо" хоккей клубы Континенталдық кубоктың күміс жүлдегері атанды
"Торпедо" хоккей клубы Континенталдық кубоктың күміс жүлдегері атанды
Sputnik Қазақстан
"Торпедо" даттың "Хернинг Блю Фокс" клубын 6:2 есебімен сенімді түрде жеңді 18.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-18T13:18+0500
2026-01-18T13:18+0500
2026-01-18T13:19+0500
турнир
хоккей
өскемен
https://sputnik.kz/img/07ea/01/12/60487873_0:56:1080:664_1920x0_80_0_0_79930d28ee96e7a0136cdf00e660c1e9.jpg
АСТАНА, 18 қаңтар – Sputnik. Өскеменнің "Торпедо" хоккей клубы өз тарихында алғаш рет Континенталдық кубоктың күміс жүлдесін иеленді, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі.2025-2026 жылғы маусымның финалдық кездесулері Англияның Ноттингем қаласында өтті.Ал алтын жүлде үшін өткен кездесуде қазақстандық клуб алаң иелері - "Ноттингем Пантерз" командасымен бақ сынады. Турнир қорытындысы бойынша "Торпедо" жүлделі екінші орынды иеленді.Бұл клуб тарихындағы Континенталдық кубоктағы ең үздік нәтиже. Бұған дейін өскемендік хоккейшілердің ең жоғары жетістігі 2007-2008 жылғы маусымда жеңіп алған қола жүлде болатын.
https://sputnik.kz/20250405/aleksandr-ovechkin-zhenis-goldarynyn-sany-boyynsha-ulttyq-khokkey-ligasynyn-rekordyn-ornatty-52227372.html
өскемен
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/01/12/60487873_61:0:1021:720_1920x0_80_0_0_6f91964ead5fa80dc189b9378884c1ac.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
турнир, хоккей, өскемен
"Торпедо" хоккей клубы Континенталдық кубоктың күміс жүлдегері атанды
13:18 18.01.2026 (жаңартылды: 13:19 18.01.2026) "Торпедо" даттың "Хернинг Блю Фокс" клубын 6:2 есебімен сенімді түрде жеңді
АСТАНА, 18 қаңтар – Sputnik. Өскеменнің "Торпедо" хоккей клубы өз тарихында алғаш рет Континенталдық кубоктың күміс жүлдесін иеленді, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының
әкімдігі.
2025-2026 жылғы маусымның финалдық кездесулері Англияның Ноттингем қаласында өтті.
"Турнирдің шешуші кезеңінде өскемендік команда жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетіп, нағыз мінез таныта білді. "Торпедо" даттың "Хернинг Блю Фокс" клубын 6:2 есебімен сенімді түрде жеңсе, Францияның "Дюк Д’Анже" командасымен өткен тартысты ойында овертаймда ғана 2:3 есебімен есе жіберді", - деп жазылған хабарламада.
Ал алтын жүлде үшін өткен кездесуде қазақстандық клуб алаң иелері - "Ноттингем Пантерз" командасымен бақ сынады. Турнир қорытындысы бойынша "Торпедо" жүлделі екінші орынды иеленді.
Бұл клуб тарихындағы Континенталдық кубоктағы ең үздік нәтиже. Бұған дейін өскемендік хоккейшілердің ең жоғары жетістігі 2007-2008 жылғы маусымда жеңіп алған қола жүлде болатын.