Теңіз кен орнында өрт шықты

© Photo : КТК КТК – трубопроводный нефтепровод Тенгиз–Новороссийск, действующий на территории Казахстана и России
 КТК – трубопроводный нефтепровод Тенгиз–Новороссийск, действующий на территории Казахстана и России - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.01.2026
Жазылу
Зардап шеккендер жоқ
АСТАНА, 18 қаңтар – Sputnik. Теңіз аумағындағы ГТЭС-4 нысанында екі бірдей өрт шықты. Ақпаратты "Теңізшевройл" ЖШС растады.
"Теңізшевройл" ЖШС (ТШО) Теңізде электр генераторларында екі өрттің болғанын растайды. Өрттер жедел түрде сөндірілді, зардап шеккендер жоқ", - деп жазылған хабарламада.
Компанияның мәліметінше ТШО-ның өндірістік қызметі тоқтатылмаған, қалыпты режимде жалғасып жатыр.
"Қызметкерлердің қауіпсіздігі ТШО үшін басты басымдық болып қала береді. Компания оқиғаның түпкі себептерін белгіленген тәртіпке сәйкес анықтап жатыр", - деп толықтырды компания.
Бұдан басқа, ТШО өз операциялық қызметінің жекелеген мәселелері бойынша пікір білдірмейтінін мәлімдеді.
ТОО Тенгизшевройл  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.02.2025
Теңізшевройл тәулігіне 870 мың баррель мұнай өндіріп жатыр
Жаңалықтар
0