https://sputnik.kz/20260118/energetikany-zertteu-ortalygy-kiev-turgyndaryna-qaladan-uaqytsha-ketuge-kenes-berdi-60491412.html
Энергетиканы зерттеу орталығы Киев тұрғындарына қаладан уақытша кетуге кеңес берді
Энергетиканы зерттеу орталығы Киев тұрғындарына қаладан уақытша кетуге кеңес берді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 18 қаңтар – Sputnik. Украинаның Энергетиканы зерттеу орталығының директоры Александр Харченко бір аптадан бері жылусыз отырған киевтіктерге жақын арада... 18.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-18T20:00+0500
2026-01-18T20:00+0500
2026-01-18T20:00+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e9/02/01/50475018_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_4d5b59289f7752dc16b590a3ef261b34.jpg
АСТАНА, 18 қаңтар – Sputnik. Украинаның Энергетиканы зерттеу орталығының директоры Александр Харченко бір аптадан бері жылусыз отырған киевтіктерге жақын арада жағдай жақсармайтынын айтып, қаладан уақытша кетуге кеңес берді.Бұған дейін Украина астанасының мэрі Виталий Кличко Рейтер агенттігіне берген сұхбатында да ауыр энергетикалық дағдарысқа байланысты киевтіктерді мүмкіндігінше қаладан кетуге шақырған болатын.Сейсенбі күні "Страна.ua" басылымы электр энергиясының апатты және жоспарлы түрде сөндірілуіне байланысты Киев пен Киев облысындағы бірқатар елді мекен түгелге жуық қараңғыда қалғанын хабарлады. Ал оған дейін "Инсайдер.ua" Украина парламентінде биылдың өзінде екінші рет жылу өшірілгенін, мұның энергетикалық инфрақұрылымдағы ұзаққа созылған проблемалармен байланысты екенін жазған.9 қаңтарда Киев билігі қаланың сол жағалауының бір бөлігі электр қуатынсыз қалғанын, метро жұмысына шектеулер енгізілгенін, ал электр көлігінің орнына қосымша автобустар шығарылғанын мәлімдеді. Қала мэрінің дерегінше, 12 қаңтарға қарай шамамен 800 үй жылусыз қалған.Дүйсенбі күні Украина коммуналдық қызметтерді тұтынушылар одағының басшысы Олег Попенко жылудан ажыратылған тұрғын үйлерде қатып қалған құбырлар жарыла бастағанын айтты.Украинаның энергетикалық Донбассэнерго отын-энергетикалық компаниясының мәліметінше, Киевтегі жағдай өте күрделі: тұрғындар тәулігіне шамамен үш сағат қана электр қуатын пайдаланады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/01/50475018_337:0:1777:1080_1920x0_80_0_0_c32b5be04041254fd5bd0a974adca309.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
АСТАНА, 18 қаңтар – Sputnik. Украинаның Энергетиканы зерттеу орталығының директоры Александр Харченко бір аптадан бері жылусыз отырған киевтіктерге жақын арада жағдай жақсармайтынын айтып, қаладан уақытша кетуге кеңес берді.
Бұған дейін Украина астанасының мэрі Виталий Кличко Рейтер агенттігіне берген сұхбатында да ауыр энергетикалық дағдарысқа байланысты киевтіктерді мүмкіндігінше қаладан кетуге шақырған болатын.
Сейсенбі күні "Страна.ua" басылымы электр энергиясының апатты және жоспарлы түрде сөндірілуіне байланысты Киев пен Киев облысындағы бірқатар елді мекен түгелге жуық қараңғыда қалғанын хабарлады. Ал оған дейін "Инсайдер.ua" Украина парламентінде биылдың өзінде екінші рет жылу өшірілгенін, мұның энергетикалық инфрақұрылымдағы ұзаққа созылған проблемалармен байланысты екенін жазған.
9 қаңтарда Киев билігі қаланың сол жағалауының бір бөлігі электр қуатынсыз қалғанын, метро жұмысына шектеулер енгізілгенін, ал электр көлігінің орнына қосымша автобустар шығарылғанын мәлімдеді. Қала мэрінің дерегінше, 12 қаңтарға қарай шамамен 800 үй жылусыз қалған.
Дүйсенбі күні Украина коммуналдық қызметтерді тұтынушылар одағының басшысы Олег Попенко жылудан ажыратылған тұрғын үйлерде қатып қалған құбырлар жарыла бастағанын айтты.
Украинаның энергетикалық Донбассэнерго отын-энергетикалық компаниясының мәліметінше, Киевтегі жағдай өте күрделі: тұрғындар тәулігіне шамамен үш сағат қана электр қуатын пайдаланады.