https://sputnik.kz/20260118/bugin-alemde-zhane-qazaqstanda-qanday-mereke-bolady-18-qantar-60485588.html
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 18 қаңтар
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 18 қаңтар
Sputnik Қазақстан
Бұл – Григориан күнтізбесінде 18-ші күн. Жыл соңына дейін 347 күн бар 18.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-18T00:01+0500
2026-01-18T00:01+0500
2026-01-18T00:01+0500
дерекқор
танымал тұлғалар
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе
тарихи оқиғалар
танымал есімдер
https://sputnik.kz/img/879/39/8793957_39:0:1963:1082_1920x0_80_0_0_6404565ac3c84b5273d6689e4c6890f8.jpg
18 қаңтарда не болғанын білесіз бе? Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.18 қаңтарда әлемде қандай қызықты оқиға болды?Бүгін Шоқындыру мерекесі атылып өтеді. Шоқындыру мерекесі (Крещение Господне) – христиандықтардың маңызды діни мерекелерінің бірі. Ол Иса Мәсіхтің Иордан өзенінде шоқындырылған күнін еске алу үшін атап өтіледі. Бұл күн әр жылдың 19 қаңтарында (православие дәстүрі бойынша) және 6 қаңтарда (католиктер мен протестанттар үшін) тойланады.Бұл күні әлемнің көптеген елдерінде христиандар дәстүрлі түрде шіркеулерге барып, қасиетті суға шомылады. Православ христиандары арасында "крещенские купания" - яғни мұздай суға шомылу дәстүрі кең таралған. Олардың сенімі бойынша бұл күні барлық су қасиетті болып, тазарту күшіне ие болады. Қазақстанда бұл мерекені православ христиандары атап өтеді. Елдің әр өңірінде арнайы мұз ойықтары жасалып, адамдар суға түседі. Сонымен қатар шіркеулерде діни рәсімдер өткізіледі.Бүгін Ресейде Балалар телевидениесінің туған күні аталып өтеді. 1963 жылы дәл осы күні КСРО-да Орталық телевидениенің балаларға арналған бас редакциясы құрылды, соның арқасында "Ералаш", "Қайырлы түн, балақайлар" секілді сәтті жобалар дүниеге келді.ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында бұрынғы одақ кеңістігінде мемлекеттік радио және телехабар тарату жүйесі қалыптасып, ақпараттық арналардың саны арта бастады. Сондай-ақ балаларға арналған бағдарламалар, фильмдер мен мультфильмдер көлемі де кеңейді.Мереке балалық шаққа саяхат жасап, теледидар алдында өткізілген уақытты, барлық баланы уайымдатқан жағымды кейіпкерлерді еске түсіреді. Ол біздің ата-анамыз бен ұрпағымыз балалық шағында не көрді, балалар мен жасөспірімдерге арналған мультфильмдер, фильмдер мен бағдарламалар бізге не үйретті, бұл ұрпақ қалай есейді, қазір балалар мен жасөспірімдер не көреді, оларға мультфильмдер нені және қандай құндылықтарды үйретіп жатыр деген сұрақтардың жауабын іздеуге щақырады.Бүгін ерекше мерекелердің бірі Шамшырақ жағу күні аталып өтеді. Шамшырақ көптеген жыл бойы теңіз навигациясы үшін өте маңызды болды, көбінесе үйге оралған немесе шетелдік портқа баратын кемелердің экипажын дауылдан құтқаруға пайдаланылды.Сонымен қатар шамшырақ – бұл қызмет көрсету символы, қауіпті жеңуге көмек, қиын жағдайдан шығудың дұрыс жолын көрсететін нұсқаулық. Шамшырақ қараңғыда жарқырап, кеме жолын көрсетеді. Ол үйге бастайтын жолды нұсқауы мүмкін, бірақ айырылысудың белгісі де болуы мүмкін".18 қаңтар әлемде болған тарихи оқиғалар:1825 жылы Мәскеудегі Үлкен театрдың ашылу салтанаты өтті;1886 жылы Германияда әлемдегі алғашқы автокөлік жасалды;1963 жылы КСРО Орталық телевидениесінде балаларға арналған бағдарламалардың бас редакциясы құрылды;1964 жылы америкалық дәрігерлер АҚШ конгресін темекі шығаратын компанияларды қорап сыртына "темекі тарту сіздің денсаулығыңызға зиянды" деген ескерту енгізуге міндеттеуге шақырды;2010 жылы Ресейде Қазақстан үшін пайдаланылған ядролық отынды сақтауға арналған бірінші қорап кешені дайындалды.18 қаңтар Қазақстанда болған тарихи оқиғалар:1991 жылы "Қазақ КСР-дегі банктер және банк қызметі туралы" Заң қабылданды;1992 жылы Австрия Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін мойындады;2005 жылы Алматыда "MediaNet" халықаралық журналистика орталығы" журналистердің жаңа қоғамдық ұйымы құрылды.18 қаңтар дүниеге келген танымал тұлғалар:1689 жылы француз жазушысы, құқықтанушы және философы, "Парсы хаттары" романының авторы Шарль Луи Монтескье дүниеге келген. Билікті бөлу туралы доктрина әзірлеген;1882 жылы ағылшын жазушысы, "Винни-Пухтың" авторы Алан Милн дүниеге келді;1947 жылы жапон актері және кинорежиссері Такеши Китано дүниеге келді;1955 жылы америкалық актер ("Бөтелкедегі үндеу", "Оққағар" фильмдері) Кевин Костнер дүниеге келді;1962 жылы Ресей және грузин эстрада әншісі, пианист, композитор, актриса Тамара Гвердцители дүниеге келді. Грузин КСР-нің еңбек сіңірген әртісі (1989), Грузия КСР халық әртісі (1991), Ресейдің халық әртісі (2004).18 қаңтар Қазақстанда кім дүниеге келді:1900 жылы қазақтың халық ақыны Әбдіғали Сариев дүниеге келді.1903 жылы жазушы, қоғам қайраткері, Қарағанды қаласының құрметті азаматы Құсайынбек Әміров дүниеге келді.1949 жылы кескіндемеші Лиза Калимова дүниеге келді.1961 жылы суретші, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Бейбіт Мұстафин дүниеге келді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/879/39/8793957_279:0:1722:1082_1920x0_80_0_0_73fb1f1217df9dca2a4f454961e119e2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
танымал тұлғалар, бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе, тарихи оқиғалар, танымал есімдер
танымал тұлғалар, бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе, тарихи оқиғалар, танымал есімдер
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 18 қаңтар
Бұл – Григориан күнтізбесінде 18-ші күн. Жыл соңына дейін 347 күн бар
18 қаңтарда не болғанын білесіз бе? Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.
18 қаңтарда әлемде қандай қызықты оқиға болды?
Бүгін Шоқындыру мерекесі атылып өтеді. Шоқындыру мерекесі (Крещение Господне) – христиандықтардың маңызды діни мерекелерінің бірі. Ол Иса Мәсіхтің Иордан өзенінде шоқындырылған күнін еске алу үшін атап өтіледі. Бұл күн әр жылдың 19 қаңтарында (православие дәстүрі бойынша) және 6 қаңтарда (католиктер мен протестанттар үшін) тойланады.
Бұл күні әлемнің көптеген елдерінде христиандар дәстүрлі түрде шіркеулерге барып, қасиетті суға шомылады. Православ христиандары арасында "крещенские купания" - яғни мұздай суға шомылу дәстүрі кең таралған. Олардың сенімі бойынша бұл күні барлық су қасиетті болып, тазарту күшіне ие болады. Қазақстанда бұл мерекені православ христиандары атап өтеді. Елдің әр өңірінде арнайы мұз ойықтары жасалып, адамдар суға түседі. Сонымен қатар шіркеулерде діни рәсімдер өткізіледі.
Бүгін Ресейде Балалар телевидениесінің туған күні аталып өтеді. 1963 жылы дәл осы күні КСРО-да Орталық телевидениенің балаларға арналған бас редакциясы құрылды, соның арқасында "Ералаш", "Қайырлы түн, балақайлар" секілді сәтті жобалар дүниеге келді.
ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында бұрынғы одақ кеңістігінде мемлекеттік радио және телехабар тарату жүйесі қалыптасып, ақпараттық арналардың саны арта бастады. Сондай-ақ балаларға арналған бағдарламалар, фильмдер мен мультфильмдер көлемі де кеңейді.
Мереке балалық шаққа саяхат жасап, теледидар алдында өткізілген уақытты, барлық баланы уайымдатқан жағымды кейіпкерлерді еске түсіреді. Ол біздің ата-анамыз бен ұрпағымыз балалық шағында не көрді, балалар мен жасөспірімдерге арналған мультфильмдер, фильмдер мен бағдарламалар бізге не үйретті, бұл ұрпақ қалай есейді, қазір балалар мен жасөспірімдер не көреді, оларға мультфильмдер нені және қандай құндылықтарды үйретіп жатыр деген сұрақтардың жауабын іздеуге щақырады.
Бүгін ерекше мерекелердің бірі Шамшырақ жағу күні аталып өтеді. Шамшырақ көптеген жыл бойы теңіз навигациясы үшін өте маңызды болды, көбінесе үйге оралған немесе шетелдік портқа баратын кемелердің экипажын дауылдан құтқаруға пайдаланылды.
Сонымен қатар шамшырақ – бұл қызмет көрсету символы, қауіпті жеңуге көмек, қиын жағдайдан шығудың дұрыс жолын көрсететін нұсқаулық. Шамшырақ қараңғыда жарқырап, кеме жолын көрсетеді. Ол үйге бастайтын жолды нұсқауы мүмкін, бірақ айырылысудың белгісі де болуы мүмкін".
18 қаңтар әлемде болған тарихи оқиғалар:
1825 жылы Мәскеудегі Үлкен театрдың ашылу салтанаты өтті;
1886 жылы Германияда әлемдегі алғашқы автокөлік жасалды;
1963 жылы КСРО Орталық телевидениесінде балаларға арналған бағдарламалардың бас редакциясы құрылды;
1964 жылы америкалық дәрігерлер АҚШ конгресін темекі шығаратын компанияларды қорап сыртына "темекі тарту сіздің денсаулығыңызға зиянды" деген ескерту енгізуге міндеттеуге шақырды;
2010 жылы Ресейде Қазақстан үшін пайдаланылған ядролық отынды сақтауға арналған бірінші қорап кешені дайындалды.
18 қаңтар Қазақстанда болған тарихи оқиғалар:
1991 жылы "Қазақ КСР-дегі банктер және банк қызметі туралы" Заң қабылданды;
1992 жылы Австрия Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін мойындады;
2005 жылы Алматыда "MediaNet" халықаралық журналистика орталығы" журналистердің жаңа қоғамдық ұйымы құрылды.
18 қаңтар дүниеге келген танымал тұлғалар:
1689 жылы француз жазушысы, құқықтанушы және философы, "Парсы хаттары" романының авторы Шарль Луи Монтескье дүниеге келген. Билікті бөлу туралы доктрина әзірлеген;
1882 жылы ағылшын жазушысы, "Винни-Пухтың" авторы Алан Милн дүниеге келді;
1947 жылы жапон актері және кинорежиссері Такеши Китано дүниеге келді;
1955 жылы америкалық актер ("Бөтелкедегі үндеу", "Оққағар" фильмдері) Кевин Костнер дүниеге келді;
1962 жылы Ресей және грузин эстрада әншісі, пианист, композитор, актриса Тамара Гвердцители дүниеге келді. Грузин КСР-нің еңбек сіңірген әртісі (1989), Грузия КСР халық әртісі (1991), Ресейдің халық әртісі (2004).
18 қаңтар Қазақстанда кім дүниеге келді:
1900 жылы қазақтың халық ақыны Әбдіғали Сариев дүниеге келді.
1903 жылы жазушы, қоғам қайраткері, Қарағанды қаласының құрметті азаматы Құсайынбек Әміров дүниеге келді.
1949 жылы кескіндемеші Лиза Калимова дүниеге келді.
1961 жылы суретші, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Бейбіт Мұстафин дүниеге келді.