https://sputnik.kz/20260117/qazaqstan-qaruly-kushteri-bas-shtabynyn-bastygy-tagayyndaldy-60474060.html
Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының бастығы тағайындалды
Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының бастығы тағайындалды
Sputnik Қазақстан
Бұл қызметке Қаныш Әбубәкіров келді 17.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-17T13:10+0500
2026-01-17T13:10+0500
2026-01-17T13:11+0500
қасым-жомарт тоқаев
тағайындау
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/0a/59483408_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_c34324f2fdaf5a8e750b6c0cc50fc08c.jpg
АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының бастығын тағайындады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Ақорданың хабарлауынша Тоқаевтың өкімімен бұл қызметке Қаныш Әбубәкіров келді. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.Бұған дейін Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының бастығы лауазымын Сұлтан Қамалетдинов атқарған еді.Қаныш Әбубәкіров туралы не білеміз?Ол 1977 жылы 12 ақпанда Түркістан облысы Ордабасы ауданы Төрткөл ауылында дүниеге келген. Қарулы күштер Әскери академиясын және Ұлттық қорғаныс университетін бітірген.Қазақстан Қарулы күштерінде десанттық-шабуылдау батальоны барлау ротасы барлау тобының командирінен Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасары – Бас штаб бастығына дейінгі жолдан өтті.Штаб бастығы - 61993 әскери бөлімі командирінің орынбасары, 22750, 25744, 61993 әскери бөлімдерінің командирі қызметін атқарды.Әр жылдары Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысының орынбасары – жауынгерлік дайындық басқармасының бастығы, штаб бастығы – Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары, "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы лауазымдарында қызмет атқарды.II дәрежелі "Айбын", II дәрежелі "Даңқ" ордендерімен және "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен марапатталған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/0a/59483408_143:0:1280:853_1920x0_80_0_0_ad78b6a0a3afb561ef6a6b23554b1de9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, тағайындау
қасым-жомарт тоқаев, тағайындау
Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының бастығы тағайындалды
13:10 17.01.2026 (жаңартылды: 13:11 17.01.2026) Бұл қызметке Қаныш Әбубәкіров келді
АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының бастығын тағайындады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ақорданың хабарлауынша Тоқаевтың өкімімен бұл қызметке Қаныш Әбубәкіров келді. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Бұған дейін Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының бастығы лауазымын Сұлтан Қамалетдинов атқарған еді.
Қаныш Әбубәкіров туралы не білеміз?
Ол 1977 жылы 12 ақпанда Түркістан облысы Ордабасы ауданы Төрткөл ауылында дүниеге келген. Қарулы күштер Әскери академиясын және Ұлттық қорғаныс университетін бітірген.
Қазақстан Қарулы күштерінде десанттық-шабуылдау батальоны барлау ротасы барлау тобының командирінен Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасары – Бас штаб бастығына дейінгі жолдан өтті.
Штаб бастығы - 61993 әскери бөлімі командирінің орынбасары, 22750, 25744, 61993 әскери бөлімдерінің командирі қызметін атқарды.
Әр жылдары Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысының орынбасары – жауынгерлік дайындық басқармасының бастығы, штаб бастығы – Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары, "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы лауазымдарында қызмет атқарды.
II дәрежелі "Айбын", II дәрежелі "Даңқ" ордендерімен және "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен марапатталған.