https://sputnik.kz/20260117/elimizde-drondardy-mengeretin-mamandar-dayarlaytyn-askeri-mektep-ashyldy-60471319.html
Елімізде дрондарды меңгеретін мамандар даярлайтын әскери мектеп ашылды
Елімізде дрондарды меңгеретін мамандар даярлайтын әскери мектеп ашылды
Sputnik Қазақстан
300-ден астам курсант FPV-дрондарын меңгеруге кірісті 17.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-17T11:36+0500
2026-01-17T11:36+0500
2026-01-17T11:36+0500
дрон
қорғаныс министрлігі
https://sputnik.kz/img/07ea/01/11/60467701_32:0:1187:650_1920x0_80_0_0_4ebae8c42c6688c92bafe20b90054563.jpg
АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. Қорғаныс министрлігі ұшқышсыз ұшу мамандарын даярлайтын әскери мектеп ашылғанын хабарладыСағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтын аяқтағалы жатқан 300-ден астам курсант FPV-дрондарын меңгеруге кірісті.Енді әскери институт курсанттары мектептің тәжірибелі оқытушыларының жетекшілігімен бүгінде соғыс әрекеттерінің сипатын айтарлықтай өзгерткен ұшу аппараттарын басқаруды меңгере алады.Болашақ офицерлер кешендердің сипаттамаларын, құрылысын, қолдану ережелерін, техникалық қызмет көрсету тәртібін, сондай-ақ, қауіпсіздік шаралары мен әртүрлі жағдайда қолдану ерекшеліктерін үйренеді.Сонымен бірге компьютерлік симуляторлардағы сабақтарға да ерекше көңіл бөлінбек. Онда курсанттар ұшу тапсырмаларын орындайды, төтенше жағдайда техника мен жеке құрамға қауіп төндірмей әрекет етуге машықтанады."Практикалық дайындық жергілікті жердегі нақты ұшуларды, кедергілер арасында маневр жасауды, бақылау жүргізуді және басқа да оқу тапсырмаларын қамтиды. Мектепте FPV-дрондарға арнайы дрон-трасса салынған. Онда алдағы уақытта курсанттар арасында жарыс өткізу жоспарда бар", - делінген министрлік хабарламасында.Тағы бір айта кететіні, мектеп нұсқаушылары дрондардың бәрін, шағын FPV-ден бастап орташа өлшемді "камикадзе" дрондарға дейін, бөлшектерінен өздері жинайды. Курсанттарға да сол дағдыны үйретуді жоспарлап отыр.Қазіргі таңда 300-ден аса оқуды аяқтаушы курсант факультатив түріндегі оқытуды меңгеруде. Келесі оқу жылынан бастап ұшқышсыз ұшу аппараттарын меңгеруді қалағандардың бәрі оқи алады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/01/11/60467701_181:0:1068:665_1920x0_80_0_0_048fa735090581df4f774e2d73204f40.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дрон, қорғаныс министрлігі
дрон, қорғаныс министрлігі
Елімізде дрондарды меңгеретін мамандар даярлайтын әскери мектеп ашылды
300-ден астам курсант FPV-дрондарын меңгеруге кірісті
АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. Қорғаныс министрлігі ұшқышсыз ұшу мамандарын даярлайтын әскери мектеп ашылғанын хабарлады
Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтын аяқтағалы жатқан 300-ден астам курсант FPV-дрондарын меңгеруге кірісті.
Енді әскери институт курсанттары мектептің тәжірибелі оқытушыларының жетекшілігімен бүгінде соғыс әрекеттерінің сипатын айтарлықтай өзгерткен ұшу аппараттарын басқаруды меңгере алады.
Болашақ офицерлер кешендердің сипаттамаларын, құрылысын, қолдану ережелерін, техникалық қызмет көрсету тәртібін, сондай-ақ, қауіпсіздік шаралары мен әртүрлі жағдайда қолдану ерекшеліктерін үйренеді.
"Қазіргі заман технологияларын меңгеру арқылы курсанттар бүгінгі күні көптеген салада кеңінен қолданылатын ұшу аппараттарымен жұмыс істеуге практикалық тұрғыда дағдыланады", – деді әскери мектептің бастығы Данияр Ділдабаев.
Сонымен бірге компьютерлік симуляторлардағы сабақтарға да ерекше көңіл бөлінбек. Онда курсанттар ұшу тапсырмаларын орындайды, төтенше жағдайда техника мен жеке құрамға қауіп төндірмей әрекет етуге машықтанады.
"Практикалық дайындық жергілікті жердегі нақты ұшуларды, кедергілер арасында маневр жасауды, бақылау жүргізуді және басқа да оқу тапсырмаларын қамтиды. Мектепте FPV-дрондарға арнайы дрон-трасса салынған. Онда алдағы уақытта курсанттар арасында жарыс өткізу жоспарда бар", - делінген министрлік хабарламасында.
Тағы бір айта кететіні, мектеп нұсқаушылары дрондардың бәрін, шағын FPV-ден бастап орташа өлшемді "камикадзе" дрондарға дейін, бөлшектерінен өздері жинайды. Курсанттарға да сол дағдыны үйретуді жоспарлап отыр.
Қазіргі таңда 300-ден аса оқуды аяқтаушы курсант факультатив түріндегі оқытуды меңгеруде. Келесі оқу жылынан бастап ұшқышсыз ұшу аппараттарын меңгеруді қалағандардың бәрі оқи алады.