https://sputnik.kz/20260117/aulada-qustar-men-iesiz-zhanuarlarga-zhem-beretinderge-ayyppul-salyna-ma-60469137.html
Аулада құстар мен иесіз жануарларға жем беретіндерге айыппұл салына ма
Аулада құстар мен иесіз жануарларға жем беретіндерге айыппұл салына ма
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. Жалған ақпаратқа қарсы күрес жөніндегі орталық өкілдері аулалар мен саябақтарда иесіз жүрген жануарларды қоректендіріп, құстарға... 17.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-17T10:39+0500
2026-01-17T10:39+0500
2026-01-17T10:39+0500
құс
жалған ақпарат
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/04/18307775_0:214:2883:1836_1920x0_80_0_0_284f05989a77afd759628cff370be2d6.jpg
АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. Жалған ақпаратқа қарсы күрес жөніндегі орталық өкілдері аулалар мен саябақтарда иесіз жүрген жануарларды қоректендіріп, құстарға жем шашқан қазақстандықтарға айыппұл салынатыны туралы желідегі хабарламаға қатысты пікір білдірді.Орталықтың хабарлауынша, аулаларда және саябақтарда құстарды, тиіндерді, қаңғыбас иттер мен мысықтарға жем беретін тұрғындар әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны туралы желідегі ақпарат жалған. Сондай-ақ сол хабарламада айтылған көршілердің "полицияға шағымдана алатыны"және содан кейін азаматтарға айыппұл салынатыны да шындыққа сәйкес келмейді.Осыған байланысты ІІМ Әкімшілік полиция комитеті түсінік берді.Атап айтқанда:Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 432-2-бабы бойынша шара қолданылады және 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға немесе 40 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға әкеп соғады. Қайтадан құқық бұзушылық жасалған жағдайда 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 80 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту көзделген.Осыған байланысты орталық өкілдері азаматтарды құқық нормаларын бұрмалайтын ақпаратты таратпауға, эмоционалды пікірлерге ермеуге және тек қолданыстағы заңнама мен уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми түсіндірмелері негізінде қорытынды жасауға шақырады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/04/18307775_77:0:2808:2048_1920x0_80_0_0_553aa751dbbafc65a951105087b4df74.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
құс, жалған ақпарат
АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. Жалған ақпаратқа қарсы күрес жөніндегі орталық өкілдері аулалар мен саябақтарда иесіз жүрген жануарларды қоректендіріп, құстарға жем шашқан қазақстандықтарға айыппұл салынатыны туралы желідегі хабарламаға қатысты пікір білдірді.
Орталықтың хабарлауынша, аулаларда және саябақтарда құстарды, тиіндерді, қаңғыбас иттер мен мысықтарға жем беретін тұрғындар әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны туралы желідегі ақпарат жалған. Сондай-ақ сол хабарламада айтылған көршілердің "полицияға шағымдана алатыны"және содан кейін азаматтарға айыппұл салынатыны да шындыққа сәйкес келмейді.
Осыған байланысты ІІМ Әкімшілік полиция комитеті түсінік берді.
"Қазақстан заңнамасында иесіз жануарларды тамақтандыру фактісі үшін әкімшілік жауапкершілік көзделмеген. Таратылып жатқан ақпаратта құқықтық ұғымдардың мәні әдейі ауыстырылған. Әкімшілік жауапкершілік тамақтандыру әрекетінің өзі үшін емес, тек нақты іс-әрекеттердің салдары болған жағдайда туындауы мүмкін", - дейді орталық мамандары.
тамақтандырғаннан кейін тағам қалдықтары қалса;
аулалар, саябақтар, скверлер және өзге де ортақ пайдаланылатын орындар ластанса;
азамат іс жүзінде рұқсат етілмеген қоқыс тастаса
Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 432-2-бабы бойынша шара қолданылады және 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға немесе 40 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға әкеп соғады. Қайтадан құқық бұзушылық жасалған жағдайда 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 80 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту көзделген.
Осыған байланысты орталық өкілдері азаматтарды құқық нормаларын бұрмалайтын ақпаратты таратпауға, эмоционалды пікірлерге ермеуге және тек қолданыстағы заңнама мен уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми түсіндірмелері негізінде қорытынды жасауға шақырады.