Зейнетақы қорынан берілетін төлем өсті

© Sputnik / Санат ИмангалиевВиды Астаны
Виды Астаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.01.2026
Жазылу
БЗЖҚ-дан берілетін зейнетақы төлемінің мөлшері үкімет бекіткен әдістемеге сәйкес есептеледі
АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан берілетін зейнетақы төлемі 5 пайызға өсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қордың ресми парақшасына сілтеме жасап.
Осылайша, қордан бұрыннан зейнетақы алып жүргендер жаңа жылдан бастап 5 процентке артық төлем алады. Бүгінде БЗЖҚ-дан берілетін зейнетақы төлемінің мөлшері үкімет бекіткен әдістемеге сәйкес есептеледі.
"Ол бойынша зейнетақы төлемін алғаш рет ала бастайтын азаматтар үшін ай сайынғы төлем келесідей тәртіппен есептеледі: зейнетақы жинағының сомасы зейнетақы жинағын төлеу мөлшерлемесі – 6,5% көбейтіліп, 12 айға бөлінеді. Кейінгі жылдары ай сайынғы төлем мөлшері зейнетақы төлемін индекстеу мөлшерлемесіне сәйкес 5% артып отырады", - дейді қор мамандары.
Заң бойынша қордан берілетін ай сайынғы зейнетақы төлемінің ең аз мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің кемінде 70 пайызына тең.
Ал ең жоғары мөлшері шектелмейді және зейнетақы жинағының көлеміне байланысты болады.
БЖЗҚ-дан жасалатын төлем жеке зейнетақы шотындағы қаражат толық таусылғанша аударылып тұрады.
Вывеска Отбасы банка в столице - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.01.2026
Зейнетақы есебінен емделуге өтінімдер қабылдау тоқтатылды
Жаңалықтар
0