Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Трамп пен фон дер Лейен Давоста Украина бойынша келіссөздер жүргізуі мүмкін - БАҚ

© AP Photo / Evan VucciДональд Трамп
Дональд Трамп - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.01.2026
Жазылу
Басылымның хабарлауынша, кездесу 21 қаңтар, сәрсенбіге жоспарланған
АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп пен Еурокомиссияның басшысы Урсула фон дер Лейен Украина мәселесі бойынша Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумда кездесуді жоспарлап отыр, деп жазды Pais газеті ЕО-дағы дереккөздерге сілтеме жасап. Бұл туралы РИА новости жазды.
"ЕО - дағы дереккөздердің хабарлауынша, фон дер Лейен мен Трамп Украинадағы келіссөздерді талқылау үшін (Давос - ред.) кездесуді жоспарлап отыр", - деп басылым дереккөздер сөзін келтіреді.
Басылымның хабарлауынша, кездесу 21 қаңтар, сәрсенбіге жоспарланған.
Дереккөздердің айтуынша, бұл кездесудің мақсаты Украинадағы келіссөздерді жалғастыру. Алайда дерек 100 % расталмаған.
Pais атап өткендей, жақында Венесуэладағы оқиғалар мен Гренландияға төніп тұрған қауіптер Украина мәселесін екінші орынға қойды.
Трамп Ресей Украина бойынша мәміле жасауға дайын деп санайды - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.01.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп Ресей Украина бойынша мәміле жасауға дайын деп санайды
Жаңалықтар
0