https://sputnik.kz/20260116/qazaqstannyn-tungysh-bas-muftii-omirden-ozdy--60442781.html
Қазақстанның тұңғыш бас мүфтиі өмірден озды
Қазақстанның тұңғыш бас мүфтиі өмірден озды
Sputnik Қазақстан
Рәтбек қажы Нысанбайұлы мүфтиятты 2000 жылға дейін басқарды 16.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-16T11:02+0500
2026-01-16T11:02+0500
2026-01-16T11:03+0500
бас мүфти
қазақстан мұсылмандары діни басқармасы
https://sputnik.kz/img/07ea/01/10/60442942_40:0:1160:630_1920x0_80_0_0_2feb3ebeaa4c28c1781e86d5a5c20264.jpg
АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш бас мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы өмірден озды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Наурызбай қажы Тағанұлының көңіл айту жедел хатын жариялады. Оның айтуынша, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының іргетасын қалаған Рәтбек Нысанбайұлының кезінде 30-дан астам мешіт салынды. Мұсылман мемлекеттерімен тығыз қарым-қатынас орнатылып, ынтымақтастық арта түсті. Айта кетері, 1990 жылдың 12 қаңтарында Алматыда Қазақстан мұсылмандарының І құрылтайы өтіп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрылған болатын. Сол кезде ҚМДБ Ташкенттегі Орта Азия және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан (САДУМ) бөлініп, дербес Діни басқарма болды. Ал Рәтбек қажы Нысанбайұлы алғашқы төраға, Бас мүфти болып сайланған. Ол мүфтиятты 2000 жылға дейін басқарды.
https://sputnik.kz/20251221/qazaqtyn-bekezhany-dunieden-otti-59785879.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/01/10/60442942_202:0:1042:630_1920x0_80_0_0_9cdbbdf99f8b9baeee03874d271aa7ec.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бас мүфти, қазақстан мұсылмандары діни басқармасы
бас мүфти, қазақстан мұсылмандары діни басқармасы
Қазақстанның тұңғыш бас мүфтиі өмірден озды
11:02 16.01.2026 (жаңартылды: 11:03 16.01.2026) Рәтбек қажы Нысанбайұлы мүфтиятты 2000 жылға дейін басқарды
АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш бас мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы өмірден озды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Наурызбай қажы Тағанұлының көңіл айту жедел хатын жариялады.
"Жуырда ғана Рәтбек ұстаздың үйінде болып, ахуал сұрасып, сұхбаттасқан едік. Ақсақалдың дәм-тұзы таусылған екен. Алла алдынан жарылқасын. Иманы өзіне серік болсын. Өзімнің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұжымы атынан марқұмның отбасына, туған-туыстарына, еліміздегі барша мұсылман қауымына көңіл айтамын. Марқұмның мәңгілік мекені жәннат болғай", - дейді Тағанұлы.
Оның айтуынша, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының іргетасын қалаған Рәтбек Нысанбайұлының кезінде 30-дан астам мешіт салынды. Мұсылман мемлекеттерімен тығыз қарым-қатынас орнатылып, ынтымақтастық арта түсті.
"Халықтың діни сауат ашуына ден қойды. Рәтбек қажы ақсақалдың мүфтилік кезеңі "алғашқы сауат ашу кезеңі" деп аталды. Өйткені, осы кезеңде халықтың діни сауатын ашу маңызды істің бірі болды. Ұстазымыз бойында бар күш-қайратын шәкірт тәрбиелеуге арнады. Өзінен кейінгі шәкірттеріне әрқашан ағалық кеңесін айтып, жанашырлық танытты", - деп атап өтті Тағанұлы.
Айта кетері, 1990 жылдың 12 қаңтарында Алматыда Қазақстан мұсылмандарының І құрылтайы өтіп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрылған болатын. Сол кезде ҚМДБ Ташкенттегі Орта Азия және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан (САДУМ) бөлініп, дербес Діни басқарма болды.
Ал Рәтбек қажы Нысанбайұлы алғашқы төраға, Бас мүфти болып сайланған. Ол мүфтиятты 2000 жылға дейін басқарды.