https://sputnik.kz/20260116/kqk-shekteulerine-baylanysty-qazmunaygaz-300-myn-tonna-munaydy-basqa-bagyttarga-zhoneltti-60439950.html
КҚК шектеулеріне байланысты "ҚазМұнайГаз" 300 мың тонна мұнайды басқа бағыттарға жөнелтті
КҚК шектеулеріне байланысты "ҚазМұнайГаз" 300 мың тонна мұнайды басқа бағыттарға жөнелтті
Sputnik Қазақстан
Қазақстан мұнайы Германия, Қытай елдеріне экспортталды 16.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-16T09:42+0500
2026-01-16T09:42+0500
2026-01-16T09:43+0500
мұнай
қазмұнайгаз
тасымалдау
экспорт
https://sputnik.kz/img/07ea/01/10/60438939_0:94:1280:814_1920x0_80_0_0_6a12bced41aea4154b3c90af1dcbb555.jpg
АСТАНА, 16 қаңтар-Sputnik. ҚазМұнайГаз 2025 жылы желтоқсанда Каспий Құбыр Консорциумының шектеулері кезінде шамамен 300 мың тонна мұнайды басқа бағыттарға жөнелтті, деп хабарлайды компания.Мұнай "ҚазТрансОйл" жүйесі арқылы басқа экспорттық бағыттарға жөнелтілген.Каспий құбыр консорциумы тарапынан мұнай қабылдауда сақталып отырған шектеулерді ескере отырып, қаңтар айында мұнайды қайта бағыттау жөніндегі іс-шаралар жалғасын таппақ, дейді компания.️Ақтау портынан Баку-Тбилиси-Жейхан бағдары бойынша қазақстандық мұнайдың 1,3 млн тоннасы тасымалданды. 2026 жылдың болжамды көлемі — 1,6 млн тоннаға дейін ұлғайтылмақ. Сонымен қатар Қазақстан мұнайы экспорттық бағытқа — Қытай Халық Республикасына тұрақты тасымалданып келеді. Өткен жылы ҚХР-ға 1,1 млн тонна мұнай экспортталған.
https://sputnik.kz/20251230/kaspiy-qubyr-konsortsiumy-novorossiyskidegi-terminalda-munay-aydaudy-uaqytsha-toqtatty-60038277.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/01/10/60438939_10:0:1147:853_1920x0_80_0_0_e7106c45427046eb358498a6da2bdf01.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұнай, қазмұнайгаз, тасымалдау, экспорт
мұнай, қазмұнайгаз, тасымалдау, экспорт
КҚК шектеулеріне байланысты "ҚазМұнайГаз" 300 мың тонна мұнайды басқа бағыттарға жөнелтті
09:42 16.01.2026 (жаңартылды: 09:43 16.01.2026) Қазақстан мұнайы Германия, Қытай елдеріне экспортталды
АСТАНА, 16 қаңтар-Sputnik. ҚазМұнайГаз 2025 жылы желтоқсанда Каспий Құбыр Консорциумының шектеулері кезінде шамамен 300 мың тонна мұнайды басқа бағыттарға жөнелтті, деп хабарлайды компания.
Мұнай "ҚазТрансОйл" жүйесі арқылы басқа экспорттық бағыттарға жөнелтілген.
"Шамамен 300 мың тонна мұнай "ҚазТрансОйл" жүйесі бойынша экспорттық бағдарлар, соның ішінде Германия, Қытай, Баку-Тбилиси-Жейхан, Новороссийск және Усть-Луга порттары арқылы жеткізу үшін қайта бағытталды", - делінген хабарламада.
Каспий құбыр консорциумы тарапынан мұнай қабылдауда сақталып отырған шектеулерді ескере отырып, қаңтар айында мұнайды қайта бағыттау жөніндегі іс-шаралар жалғасын таппақ, дейді компания.
"2025 жылдың қорытындысына сәйкес Қазақстан мұнайын Германияға (Шведт қаласындағы мұнай өңдеу зауытына) жеткізу бойынша өсу динамикасы байқалды. Тасымалдау көлемі 2,1 млн тоннаны құрады. 2026 жылы 2,5 млн тоннаға дейін ұлғаяды деп күтілуде", - дейді ҚазМұнайГаз.
️Ақтау портынан Баку-Тбилиси-Жейхан бағдары бойынша қазақстандық мұнайдың 1,3 млн тоннасы тасымалданды. 2026 жылдың болжамды көлемі — 1,6 млн тоннаға дейін ұлғайтылмақ.
Сонымен қатар Қазақстан мұнайы экспорттық бағытқа — Қытай Халық Республикасына тұрақты тасымалданып келеді. Өткен жылы ҚХР-ға 1,1 млн тонна мұнай экспортталған.