https://sputnik.kz/20260116/dalada-qalyp-qoygan-petropavlda-zhogalgan-zeynetker-qaytys-boldy--60445045.html
Далада қалып қойған: Петропавлда жоғалған зейнеткер қайтыс болды
Далада қалып қойған: Петропавлда жоғалған зейнеткер қайтыс болды
Sputnik Қазақстан
75 жастағы әйел 14 қаңтар күні түскі уақытта ауруханаға шығып, сол күйі хабар-ошарсыз кеткен 16.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-16T13:05+0500
2026-01-16T13:05+0500
2026-01-16T13:05+0500
солтүстік қазақстан облысы
петропавл
зейнеткер
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/17/59866203_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_be7f0f0d056f573d5e04009b049c9e21.jpg
АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Петропавл қаласында 30 градустық аязда далада қалып қойған зейнеткер қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ресми мәліметке сәйкес, 75 жастағы әйел 14 қаңтар күні түскі уақытта ауруханаға шығып, сол күйі хабар-ошарсыз кеткен. Ал ұялы телефоны өшіп қалған. Зейенткердің жоғалғаны туралы хабар полицияға кешкісін түскен. 60-қа жуық адам іздеуге шығады.15 қаңтар күні таңертең қарт әйелді учаскелік полиция инспекторы адамдар сирек жүретін аумақта, аурухана маңындағы шаруашылық ғимараттың жанынан тауып алды. Зейнеткер қоршаудың түбінде жатқан. Жағдайы ауыр болды. Қол-аяғын қатты үсік шалған. Соның салдарынан байланысқа шыға алмаған. Сол жерге жедел жәрдем бригадасы шақырылды. Алайда көрсетілген медициналық көмекке қарамастан зейнеткер әйел көз жұмды. Қазіргі кезде әйелдің қайтыс болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы орайда полиция егде жастағы адамдарға ерекше назар аударуға шақырады, әсіресе денсаулық жағдайына байланысты олардың көшеде бағдар табуы мен байланыста шығуы қиын болуы мүмкін. Айта кетері, 14 қаңтарда күндіз Петропавлда -27 градус аяз болған. Ал 15 қаңтарға қараған түні -32 градусқа дейін суып кетті.
https://sputnik.kz/20251215/batys-qazaqstanda-ush-adam-usip-oldi-59620569.html
солтүстік қазақстан облысы
петропавл
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/17/59866203_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_780259f08f7864e7fe3da03e4ff43681.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
солтүстік қазақстан облысы, петропавл, зейнеткер
солтүстік қазақстан облысы, петропавл, зейнеткер
Далада қалып қойған: Петропавлда жоғалған зейнеткер қайтыс болды
75 жастағы әйел 14 қаңтар күні түскі уақытта ауруханаға шығып, сол күйі хабар-ошарсыз кеткен
АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Петропавл қаласында 30 градустық аязда далада қалып қойған зейнеткер қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, 75 жастағы әйел 14 қаңтар күні түскі уақытта ауруханаға шығып, сол күйі хабар-ошарсыз кеткен. Ал ұялы телефоны өшіп қалған.
Зейенткердің жоғалғаны туралы хабар полицияға кешкісін түскен. 60-қа жуық адам іздеуге шығады.
"Ауа температурасының төмен болуы жұмыстарды едәуір қиындатты. Жоғалуына қатысты ықтимал нұсқалар пысықталып, болуы мүмкін орындар тексерілді, көшедегі бейнебақылау камераларының жазбалары зерделенді. Алайда қараңғы уақытта жоғалған азаматшаның жүрген жерін анықтау мүмкін болмады", - дейді полицейлер.
15 қаңтар күні таңертең қарт әйелді учаскелік полиция инспекторы адамдар сирек жүретін аумақта, аурухана маңындағы шаруашылық ғимараттың жанынан тауып алды. Зейнеткер қоршаудың түбінде жатқан. Жағдайы ауыр болды. Қол-аяғын қатты үсік шалған. Соның салдарынан байланысқа шыға алмаған. Сол жерге жедел жәрдем бригадасы шақырылды. Алайда көрсетілген медициналық көмекке қарамастан зейнеткер әйел көз жұмды.
Қазіргі кезде әйелдің қайтыс болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Осы орайда полиция егде жастағы адамдарға ерекше назар аударуға шақырады, әсіресе денсаулық жағдайына байланысты олардың көшеде бағдар табуы мен байланыста шығуы қиын болуы мүмкін.
Айта кетері, 14 қаңтарда күндіз Петропавлда -27 градус аяз болған. Ал 15 қаңтарға қараған түні -32 градусқа дейін суып кетті.