Қазақстанда жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін имам болады

© Sputnik / Санат ИмангалиевМешіт
Мешіт - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.01.2026
Жазылу
Бұл халықтың діни сұрақтарына жедел әрі сенімді жауап беруге, сондай-ақ дін қызметкерлерінің жүктемесін азайтуға жол ашады
АСТАНА, 15 қаңтар – Sputnik. Биыл жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін "Imam AI" мобильді қосымшасы іске қосу жоспарланған. Бұл туралы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Imam AI" сенімді дереккөздерге сүйеніп, діни сұрақтарға лезде жауап беретін болады.
"Заман талабына сай біз де жасанды интеллект мүмкіндіктерін діни салада жүйелі түрде енгізуді қолға алуымыз қажет. Бұл, ең алдымен, халықтың діни сұрақтарына жедел әрі сенімді жауап беруге, сондай-ақ дін қызметкерлерінің жүктемесін азайтуға жол ашады", - деді Тағанұлы.
Мас мүфти имамдардың алдында 2026 жылға арналған бағдарлық баяндамасын жасады. Оның айтуынша, жаңа мобильді қосымша халықтың күнделікті өмірде туындайтын діни сұрақтарына лезде жауап алуға, ең бастысы сенімді, тексерілген дереккөздерге негізделген дұрыс мәліметке қол жеткізуге мүмкіндік береді.
"Осыған байланысты, жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін "Imam AI" мобильді қосымшасын ұсынатын боламыз", - деді ол.
Үздік имам интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары анықталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.12.2025
"Үздік имам" білім сайысының жеңімпаздары анықталды
Жаңалықтар
0