Қазақстан дипломдары Азия-Тынық мұхиты елдерінде танылады

© Sputnik / Абзал КалиевҚазақстан дипломдары Азия-Тынық мұхиты елдерінде танылады
Қазақстан дипломдары Азия-Тынық мұхиты елдерінде танылады  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.01.2026
Жазылу
Конвенцияға қосылу ұлттық білім жүйесінің тартымдылығын арттыруға, азаматтардың шетелде кәсібі бойынша жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді
АСТАНА, 15 қаңтар – Sputnik. Сенат депутаттары жоғары білім беру саласындағы біліктілікті тану туралы Азия-Тынық мұхиты өңірлік конвенциясын ратификациялау жөніндегі заңды мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Конвенцияда дипломдар, академиялық дәрежелер мен өзге де біліктіліктерді тану рәсімін жеңілдету, оларды бағалауда ашықтық пен әділеттілікті қамтамасыз ету, сондай-ақ өңір елдері арасындағы академиялық және кәсіби ұтқырлықты кеңейту қарастырылған.
"Сондықтан конвенцияға қосылу азаматтарымыздың дипломдары мен біліктіліктерін Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерінде танытуға, студенттер мен оқытушылардың академиялық мобильдік мүмкіндіктерін жеңілдетуге, ұлттық білім жүйесінің тартымдылығын арттыруға, азаматтардың шетелде кәсібі бойынша жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді", - дейді сенатор Әсем Рахметова.
Айта кетері, 2011 жылы қол қойылған Токио конвенциясына Ауғанстан, Армения, Аустралия, Қытай, Фиджи, Қасиетті Тақ, Жапония, Моңғолия, Жаңа Зеландия, Корея Республикасы, Ресей және Түркия да қосылған.
Флаги Казахстана и Кореи - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2024
Қазақстан мен Корея университеттері қос диплом беруге келісті
Жаңалықтар
0