Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

ЕҚЫҰ Бас хатшысы Украина бойынша келіссөздерді қайта бастауға шақырды

© Sputnik / Алексей Алексеев / Медиабанкке өтуАляскадағы келіссөздер
Аляскадағы келіссөздер - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.01.2026
Жазылу
Одақтастар, серіктестер және қарсыластар арасындағы дипломатиялық өзара іс-қимыл бүгін бұрынғыдан да маңызды
АСТАНА, 15 қаңтар – Sputnik. ЕҚЫҰ Бас хатшысы Феридун Синирлиоғлы дипломатиялық күш-жігер Украина қақтығысын реттеуге әкеледі деген үміт білдіріп, тараптарды келіссөздерді қайта бастауға шақырды, деп хабарлады РИА Новости.
"Одақтастар, серіктестер және қарсыластар арасындағы дипломатиялық өзара іс-қимыл бүгін бұрынғыдан да маңызды. Мен үздіксіз дипломатиялық күш-жігер соғысты тоқтату үшін келіссөздер арқылы реттеуге әкеледі деп үміттенемін. Мен тараптарды келіссөздерді қайта бастауға және тұтқындарды босатуды қоса алғанда, сенімді нығайту шаралары туралы келісуге шақырамын", - деді ол Венадағы баспасөз мәслихатында.
Ресейдің ЕҚЫҰ-дағы жаңа тұрақты өкілі Дмитрий Полянский Ұйымның Тұрақты кеңесінің арнайы отырысында мәлімдегендей, Мәскеу Украина бойынша Ресей жағына ультиматумдарға емес, Украина дағдарысының түпкі себептерін шешуге және Украина мен украиналықтарды Ресейге қарсы күресте НАТО елдерінің құралы ретінде пайдалануды тоқтатуға негізделген саяси және дипломатиялық процеске дайын екенін бірнеше рет растады.
"Тұрақты бейбіт келісім тек Ресейді қоса алғанда, барлық тараптардың заңды мүдделері, соның ішінде қауіпсіздік саласындағы мүдделері ескерілген жағдайда ғана мүмкін болады. Біз швейцариялық әріптестерімізді Киев режимін қорғап, оның қылмыстары мен шынайы бейнесін ашық түрде елемеушілікке жол берген бұрынғы төрағалықтардың қателіктерін қайталамауға шақырамыз", - деді ол өз сөзінде Швейцарияның 2026 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалығының басымдықтарын таныстыруға түсініктеме бере отырып.
Бұған дейіін Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен ЕО көшбасшыларының АҚШ президенті Дональд Трамппен Украина бойынша келіссөздерінде ілгерілеушілікке қол жеткізілгенін мәлімдеді.
Түркия тараптар сұраса Украина бойынша келіссөздер ұйымдастыруға дайын - дереккөз - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.01.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Түркия тараптар сұраса Украина бойынша келіссөздер ұйымдастыруға дайын - дереккөз
Жаңалықтар
0