https://sputnik.kz/20260114/mazhiliste-roblox-oyynyn-bugattau-maselesi-koterildi-60385570.html
Мәжілісте Roblox ойынын бұғаттау мәселесі көтерілді
Мәжілісте Roblox ойынын бұғаттау мәселесі көтерілді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 14 қаңтар – Sputnik. Мәжілістің бүгінгі отырысында Roblox ойынын бұғаттау мәселесі көтерілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 14.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-14T14:09+0500
2026-01-14T14:09+0500
2026-01-14T14:10+0500
мәжіліс
мәжіліс депутаты
қауіпті ойын
https://sputnik.kz/img/07e7/05/19/35245568_0:93:3310:1955_1920x0_80_0_0_22cefb8bca800fea46722ccff5719f69.jpg
АСТАНА, 14 қаңтар – Sputnik. Мәжілістің бүгінгі отырысында Roblox ойынын бұғаттау мәселесі көтерілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Депутат Үнзила Шапақтың айтуынша, бүгінде Roblox платформасына кіретін күнделікті белсенді қолданушылар саны 150 миллионға жеткен. Олардың басым бөлігін - кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдер. Ал ата-аналар, педагогтер және халықаралық сарапшылар бұл ойынның балалар психикасына кері әсер етуі мүмкін екенін жиі айта бастаған.Бұдан бөлек, Roblox-та педофилдер мен алаяқтардың белсенді әрекет ететіні туралы деректер бар. Олар алдымен ойындағы виртуалды чат арқылы баланың сеніміне кіріп, кейіннен Roblox-тан Телеграмға көшеді. Сол жерде құпия кездесуге шақырады, я болмаса, ата-анасының картасының нөмірін және СМС-кодты сұрайды. Бала соның бәрін орындайды.Осы орайда Шапақ үкіметке депутаттық сауал жолдап, Roblox-ты шектеу немесе қосымша бақылау тетіктерін енгізу шараларының бар-жоғын сұрады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/19/35245568_291:0:3020:2047_1920x0_80_0_0_eebdc0ac8a8bae43bab0675444009975.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мәжіліс, мәжіліс депутаты, қауіпті ойын
мәжіліс, мәжіліс депутаты, қауіпті ойын
Мәжілісте Roblox ойынын бұғаттау мәселесі көтерілді
14:09 14.01.2026 (жаңартылды: 14:10 14.01.2026) АСТАНА, 14 қаңтар – Sputnik. Мәжілістің бүгінгі отырысында Roblox ойынын бұғаттау мәселесі көтерілді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутат Үнзила Шапақтың айтуынша, бүгінде Roblox платформасына кіретін күнделікті белсенді қолданушылар саны 150 миллионға жеткен. Олардың басым бөлігін - кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдер. Ал ата-аналар, педагогтер және халықаралық сарапшылар бұл ойынның балалар психикасына кері әсер етуі мүмкін екенін жиі айта бастаған.
"Атап айтқанда, виртуалды тәуелділік, агрессивті мінез-құлық, шынайы өмірден алшақтау, сондай-ақ жас ерекшелігіне сай келмейтін контентпен бетпе-бет келу фактілері кездеседі",-дейді Шапақ.
Бұдан бөлек, Roblox-та педофилдер мен алаяқтардың белсенді әрекет ететіні туралы деректер бар. Олар алдымен ойындағы виртуалды чат арқылы баланың сеніміне кіріп, кейіннен Roblox-тан Телеграмға көшеді. Сол жерде құпия кездесуге шақырады, я болмаса, ата-анасының картасының нөмірін және СМС-кодты сұрайды. Бала соның бәрін орындайды.
"Roblox платформасының балалар қауіпсіздігіне, психологиялық дамуына және контенттің бақыланбауына байланысты бірқатар мемлекет қатаң шаралар қабылдауда. Атап айтқанда, Түркия, Қатар, Ресей, Қытай, Иран, Солтүстік Корея және басқа да мемлекеттерде аталған платформа бұғатталды. Ал Қазақстанда не себепті әлі күнге дейін аталған платформаға қатысты ұқсас шектеу немесе терең сараптамалық бағалау жүргізілмей отырғаны түсініксіз күйінде қалып отыр", - деп атап өтті депутат.
Осы орайда Шапақ үкіметке депутаттық сауал жолдап, Roblox-ты шектеу немесе қосымша бақылау тетіктерін енгізу шараларының бар-жоғын сұрады.