Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Еурокомиссия Украинаға кредит беру туралы ұсыныс енгізуі мүмкін

© Sputnik / СтрингерФлаг Украины и флаг с символикой Евросоюза
Флаг Украины и флаг с символикой Евросоюза  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.01.2026
Жазылу
АСТАНА, 14 қаңтар – Sputnik. Еурокомиссарлар алқасы сәрсенбі күні өтетін отырысында Украинаға алдағы екі жылда 90 миллиард еуро көлемінде кредит беру туралы заңнамалық ұсынысты қарастыруы мүмкін.
Бұл ұсынысты баспасөз мәслихатында Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйеннің өзі жариялайды деп жоспарланып отыр.
Украинаның 2026 және 2027 жылдардағы қаржылық қажеттілігн жабу үшін шамамен 90 миллиард еуро көлемінде бірлескен қарыз беру туралы ЕО елдерінің шешімі былтыр желтоқсанда өткен Еуроодақ саммитінде қабылданған. Сол кезде Бельгия бұл мақсатқа бұғатталған Ресей активтерін пайдалануға қарсылық білдірді.
Еурокомиссияға кредитті беру шарттарын, сондай-ақ несиелеу тетігін айқындайтын құқықтық актілерді әзірлеу тапсырылды.
Бұған дейін Еурокомиссия бұл механизм Еуроодақ елдері тарапынан мақұлданған жағдайда, осы кредит аясындағы алғашқы траншты Киевке биылғы жылдың екінші тоқсанында-ақ жіберуді жоспарлап отырғанын мәлімдеген.
Жаңалықтар
0