https://sputnik.kz/20260114/deputat-sagat-2000-den-keyin-alkogol-satuga-tyyym-saludy-usyndy-60382911.html
Депутат сағат 20:00-ден кейін алкоголь сатуға тыйым салуды ұсынды
Депутат сағат 20:00-ден кейін алкоголь сатуға тыйым салуды ұсынды
Sputnik Қазақстан
Ол рбір екінші қылмысты мас адам жасайтынын атап өтті 14.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-14T15:03+0500
2026-01-14T15:03+0500
2026-01-14T15:03+0500
депутат
депутаттық сауал
мәжіліс депутаты
https://sputnik.kz/img/237/79/2377936_0:159:3077:1890_1920x0_80_0_0_58d9c10056fb5ba759ab1a1f0a560e10.jpg
АЛМАТЫ, 14 қаңтар – Sputnik. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, елдегі әрбір екінші кісі өлтіру, әрбір үшінші зорлау және бұзақылық мас күйде жасалады. Осыған орай "Қазақстан Халық партиясы" фракциясының депутаты Магеррам Магеррамов премьер-министр Олжас Бектеновке елдегі алкоголь өнімдері айналымына талапты қатаңдату туралы депутаттық сауал жолдады.Сондай-ақ әрбір төртінші тонау, жол апаты және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық, құқық бұзушылықтардың жартысынан көбі мас күйде жасалады, дейді депутат Магеррам Магеррамов.Депутаттың айтуынша, балалар мекемелері мен білім беру ұйымдарынан 100 метр радиуста алкогольді сатуға тыйым салатын бұрынғы қолданыстағы нормаға оралу қажет.Сондай-ақ алкоголь өнімдерін сату бойынша сауда нүктелерінің санын шектеу маңызды. Ол алкоголь өнімі қозғалысының барлық кезеңінде міндетті түрде таңбалану қажет.Депутат ұсынған талаптар:"Мәдениет және ақпарат, ағарту, ғылым және жоғары білім, денсаулық сақтау министрліктері құқық бұзушылықтардың алдын алу субъектілері ретінде кәмелетке толмағандар мен жастар арасында алкоголизм зиянының алдын алудың бірыңғай бағдарламасын әзірлесін", - деді Магеррам Магеррамов.Депутат үкіметтен бұл сауалға заңнамада белгіленген мерзімде жазбаша жауап беруді сұрады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/237/79/2377936_173:0:2904:2048_1920x0_80_0_0_ee049ee10b111e70807a2dcc07a9d566.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
депутат, депутаттық сауал, мәжіліс депутаты
депутат, депутаттық сауал, мәжіліс депутаты
Депутат сағат 20:00-ден кейін алкоголь сатуға тыйым салуды ұсынды
Ол рбір екінші қылмысты мас адам жасайтынын атап өтті
АЛМАТЫ, 14 қаңтар – Sputnik. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, елдегі әрбір екінші кісі өлтіру, әрбір үшінші зорлау және бұзақылық мас күйде жасалады. Осыған орай "Қазақстан Халық партиясы" фракциясының депутаты Магеррам Магеррамов премьер-министр Олжас Бектеновке елдегі алкоголь өнімдері айналымына талапты қатаңдату туралы депутаттық сауал жолдады.
Сондай-ақ әрбір төртінші тонау, жол апаты және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық, құқық бұзушылықтардың жартысынан көбі мас күйде жасалады, дейді депутат Магеррам Магеррамов.
"Бүгінгі таңда сауда объектілері кәмелетке толмағандарға алкогольдік ішімдіктерді сатпайтындығына ешкім кепілдік бере алмайды. Өйткені бұл нысандар өте көп және оларды бақылау физикалық түрде мүмкін емес", - дейді Магеррам Магеррамов.
Депутаттың айтуынша, балалар мекемелері мен білім беру ұйымдарынан 100 метр радиуста алкогольді сатуға тыйым салатын бұрынғы қолданыстағы нормаға оралу қажет.
Сондай-ақ алкоголь өнімдерін сату бойынша сауда нүктелерінің санын шектеу маңызды. Ол алкоголь өнімі қозғалысының барлық кезеңінде міндетті түрде таңбалану қажет.
Депутат ұсынған талаптар:
Алкоголь өнімін сәйкестендіру құралдарымен міндетті цифрлық таңбалауға жататын тауарлардың тізбесіне енгізу,
Алкогольді сатудың нақты нүктелерін анықтап, алкогольді басқа жерлерде сатуға тыйым салуды барлық жерде енгізу,
20:00-ден кейін сауда объектілерінде алкоголь өнімдерін бөлшек саудада сатуға тыйым салу,
22:00-ден кейін ойын-сауық орындарында (кафелерде, мейрамханаларда) алкогольді сатуға тыйым салу,
Алкогольді онлайн сатуға тыйым салу.
"Мәдениет және ақпарат, ағарту, ғылым және жоғары білім, денсаулық сақтау министрліктері құқық бұзушылықтардың алдын алу субъектілері ретінде кәмелетке толмағандар мен жастар арасында алкоголизм зиянының алдын алудың бірыңғай бағдарламасын әзірлесін", - деді Магеррам Магеррамов.
Депутат үкіметтен бұл сауалға заңнамада белгіленген мерзімде жазбаша жауап беруді сұрады.