Таразда қатарласын ұрып өлтірген оқушыға сот үкімі шықты

© Sputnik / Табылды КадырбековЖұдырық
Жұдырық - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.01.2026
Жазылу
Сотталушы кінәні ішінара ғана мойындаған
АСТАНА, 13 қаңтар - Sputnik. Таразда қатарласын өлтірген 9-сынып оқушысына сот үкімі шықты, деп хабарлайды Жамбыл облыстық сот.
Оқиға мектепте болған. Қылмыстық іс Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Қозғалған бап Қылмыстық Кодекстің 106-бабының 3-бөлігі "Абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан, денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру".
"Сотталушы - 9-сынып оқушысы. Ол Тараз қаласындағы мектеп ғимаратында өзінің кәмелетке толмаған құрдасымен жанжалдасқан. Жанжал кезінде оған физикалық зорлық-зомбылық көрсеткен. Мойын жарақатының салдарынан жәбірленуші оқиға орнында қайтыс болды", - дейді сотта.
Сотталушы кінәні ішінара ғана мойындаған.
"Сот үкімімен сотталушы Қылмыстық Кодекстің 106-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған Қылмыстық Кодекстің 81-бабының 7-бөлігі және 55-бабы 2-бөлігінің 2) тармағы негізінде 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - дейді Жамбыл облыстық соты.
Сондай-ақ сот сотталушының заңды өкілдері жәбірленуші тараптың пайдасына 10 млн теңге мөлшерінде моральдық зиян төледі. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Архивное фото мужчины, показывающего кулак - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2025
Жамбыл облысында тағы бір оқушы көз жұмды
Жаңалықтар
0