Су тасқынына қатысты болжам қашан жарияланады

Су арнасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.01.2026
Жазылу
Биыл ақпан айында министрлік әрбір өзенмен келетін су көлемінің болжамын жариялайды
АСТАНА, 13 қаңтар – Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов биыл су тасқынына қатысты болжам қай кезде жарияланатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Биыл ақпан айында министрлік әрбір өзенмен келетін су көлемінің болжамын жариялайды.
"Судың деңгейі де белгілі болады. Сол кезде су тасқының қаупі болса, біз жергілікті атқарушы органдармен бірге елді мекендерді су тасқынынан қорғау шараларын атқарамыз", - деді Нұржігітов үкіметтегі брифингте.
Ал наурыз айының соңында вегетациялық кезеңде су беру кестесі жарияланады.
"Қазіргі кезде біз Қырғызстандағы әріптестерімізбен бірге екі су қоймасы – Киров пен Орто-Токойда су жинау жұмыстарын атқарып жатырмыз. Бұдан бөлек, өз жеріміздегі су қоймаларына су жинауымыз қажет. Ал ақпан айында жиналған судың көлемін және нақты бір ауданға қанша лимит бере алатынымызды айтамыз. Соның негізінде жергілікті органдар егілетін алқаптардың құрылымын анықтайды", - деді Нұржігітов.
Индонезиядағы су тасқыны - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.12.2025
Индонезиядағы су тасқыны: құрбандар саны 700-ден асты
Жаңалықтар
0